A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин мен «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы М. Әуезов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қойды

Көкшетауда «ForteBank» акционерлік қоғамы филиалының жаңа кеңсесі ашылды. Қазіргі заманға сай жабдықталған жаңа кеңседе заңды және жеке тұлғаларға арналған банк қызметінің барлық түрі көрсетілмек.

Кеңсенің ашылу салтанаттына қатысқан Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин банк ұжымын осынау қуаныштарымен құттықтады.

Осы күні облыста аталмыш банктің 30 мыңға жуық клиенті бар болса, оның 1 мыңы заңды тұлғалар. Мамандар аймақтағы алғашқы кеңсенің ашылуы банк қызметінің сапасын жақсартып, өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытуға өзіндік серпін береді деп отыр.

«Еліміздегі қаржы институттарының ішінде «ForteBank» акционерлік қоғамының алар орны ерекше. Сондықтан, ақмолалық кәсіпкерлерімен өзара бірлескен жобалар жасауға банк тарапынан оң қадамдар болады деп сенемін. Әсіресе, облыстағы өнеркәсіп пен шағын және орта бизнес саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен несиелік жәрдем көрсетуге септігі тиетіні сөзсіз», – деп атап өтті аймақ басшысы.

Шара барысында аймақ басшысы Мәлік Мырзалин және «ForteBank» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Мағжан Әуезов өзара әріптестік туралы екіжақты меморандумға қол қойды. Қазірдің өзінде аталмыш банк облыста 16 млрд. теңгенің жобаларын қаржыландырды. Сондай-ақ 7 млрд теңгеге жеке тұлғаларға несие берілген.

Мақаланың шыққан күні: 19.05.2017
Қаралым саны: 524
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-72-98

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23