Ақмола облысының әкімі облыстық байқау-конкурсының жеңімпаздарына автомобиль тапсырды

Бүгiн Көкшетауда Астана қаласының 20 жылдығына арналған "Ақмола жұлдыздары" халық шығармашылығы облыстық байқауының жеңiмпаздарына «Аqмола Awards» сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсiмi өткiзiлдi.

Былғы байқау жаңа форматта өткiзiлдi. Жанрдың бiр түрi жоғары кәсiби деңгейде дамыған өңiрлерде сегiз фестиваль өттi. Iрiктеу кезеңдерiнде облыстың 224 елдi мекенiнен 25 000-ға жуық адам қатысты.

«Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласында белгiленген мiндеттер шеңберiнде, "Ақмола жұлдыздары" облыстық байқауы рухани салтымызды сақтауға, туған жерге сүйiспеншiлiктi дамытуға, жаңа таланттарды ашуға мүмкiндiк бередi. Бұл өңiрдiң мәдениетiн дамытуға ынталандыратын бұқаралық iрi жобалардың бiрi болып табылады», — дедi құттықтау сөзiнде облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин.

Үздiктердiң үздiктерi Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерлерi Шолпан Дүкенбаеваның, Руслан Баймырзиннiң, Қапаш Құлышеваның, Жiбек Бағысованың және басқалардың қолынан өз наградаларын алды.

Вокалдық-хор жанрында Целиноград және Жақсы аудандарының, эстрадалық-вокалдық жанрда — Зерендi, Сандықтау аудандарының және Степногорск қаласының өнепаздар ұжымдары жеңiмпаз деп танылды. Аспаптық жанрда Көкшетау қаласы мен Ақкөл ауданының оркестрлерi мен ансамбльдерiне тең келетiндер болмады. Халық әндерiн орындауда Аршалы мен Шортанды аудандары, салт-дәстүрлердi көрсетуде — Қорғалжын, Ерейментау және Бiржан сал аудандары жоғары сатыдан көрiнде. Сонымен қатар, Атбасар және Бурабай аудандарының бишiлерi, Бұланды және Есiл аудандарының цирк және бiрегей жанрының орындаушылары, Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданының қолданбалы және бейнелеу өнерiнiң шеберлерi жоғары бағаға ие болды.

Гран-при иегерлерi — Целиноград, Бурабай аудандары мен Көкшетау қаласына автомобильдер, Аршалы және Астрахан аудандарына арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Кеше ғана Астана қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлерiнiң бiрiншi республикалық форумы өткiзiлдi, онда Ақмола облысы мәдениет қызметкерлерiнiң еңбегi бiрнеше номинация бойынша атап көрсетiлгенiн естерiңiзге саламыз. Ол –2017 жылы 15 моделдiк ауылдық кiтапхана ашылуы, Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кiтапхана базасында ақпараттық-мәдени портал ашылуы. Сонымен қатар, Атбасар ауданындағы Iлияс Есенберлин музейi республика бойынша аудандық маңызды ең үздiк музей атанды.

     

Құрылған күні: 24.05.2018
Қаралым саны: 1852

Қаз Рус Eng