Ақмола облысының әкімі жұмыс сапарымен Зеренді, Атбасар және Сандықтау аудандарында болды

Өңiр басшысы Зерендi орта мектебiнде соңғы қоңырауға арналған салтанатты iс-шараға қатысты. Мектеп түлектерiн құттықтай келе, Мәлiк Мырзалин оларға жаңа өмiр сатысында сәттiлiк тiледi. «Осы атаулы күннен бастап сендер үшiн ересек және жеке өзiндiк өмiр жолы басталады. Сендер алдағы уақыттағы кәсiби және өмiрлiк жол таңдау мәселесiнде өте маңызды, әрi жауапты шешiм қабылдау алдында тұрсыңдар. Бүгiнгi таңда барша әлемде сәттiлiк, ұдайы оқу және жетiлу қабiлеттiлiгiмен айқындалады. Әрқайсыларың үшiн қол жеткiзген жетiстiкте тұрып қалмай алға ұмтылу маңызды. Сендерге емтихандарды сәттi тапсырып, алға қойған жоспарларыңды жүзеге асыруды және елiмiздiң лайықты азаматы болуларыңа тiлексеспiн», — дедi облыс әкiмi.

Биылғы жылы Ақмола облысында барлығы 4986 түлек мектеп бiтiредi, оның iшiнде үздiк аттестатқа 126 оқушы және 264 түлек «Алтын белгi» белгiсiне үмiткер.

Сол күнi Мәлiк Мырзалин «Викторовское» ЖШС егiн егу науқанының барысымен танысты. Бұл шаруашылықта ағымдағы жылы 4120 га ауданында бидай, 4023 га арпа, 5490 га майлы дақылдар егу жоспарлануда.

Сандықтау ауданының Максимовка ауылында азаматтардың ерiктi қайырымдылық қаражатына құрылысы жүрiп жатқан храмды қарап шықты. Өз жерлестерiнiң арманын iске асырумен меценат, белгiлi бизнесмен Николай Мещеряков айналысады, ол болашақ храмның нобайымен таныстырды және аумақ бойынша саяхат ұйымдастырды. Жұмыс қарқынды жүргiзiлуде: негiзгi храмнан басқа, жоба қоңырау соғу, шiркеу-приход үйiн және Максимовка ауылының музейi құрылысының тұтастай кешенiн қарастырады, сырт жағында саябақ болады және Жабай өзенiнiң жағажайы абаттандырылады. Құрылыстың болжамды мерзiмi — ағымдағы жылдың маусымы.

Сандықтау ауданы «Туған жер» бағдарламасының аясында ауыл тұрғындары үшiн әлеуметтiк-маңызды объектiлердi салып жатқан басқа да меценаттарымен белгiлi.

Закусиловтар тегi облысқа, сонымен қатар одан тысқары жерлерге белгiлi. Бүгiнгi таңда «Свободное», «Максимовское» ЖШС қуатты, экономикалық тұрғыдан тұрақты, үлгiлi шаруашылық болуымен қатар, бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiнiң жарқын мысалы. Атап айтқанда, Александр Закусилов бiр кездерi ауылда адамдардың қалуы үшiн бiрқатар маңызды шешiмдер қабылдады. Үлкен Закусилов тұтастай коттедж көшесiн, бөгет салды, ол балықтандырылған соң сүйiктi демалатын және балық аулайтын орынға айналды. Өткен жылы әрқайсысы 140 шаршы метр болатын барлық жайлылығымен қоса 10 жаңа жайғастырылған үйлер пайдалануға бердi, ал биылғы жазда тағы 5 отбасы компаниямен ұсынылған жаңа үйлерде қоныс тойын атап өтедi, олар 10 жыл өткен соң жеке меншiкке берiледi. Ол туған өлкеңе көмек көрсет атты Президент бастамасын жүзеге асыруға қосылғандардың алғашқы қатарында болды. Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк аясында оқу жылы басталар алдында мектептiң ескiрген шатырын жөндеудi және қасбетiн абаттандыруды толығымен аяқтады. Александр Александрович өз iсiн жалғастыратын әулет өсiрдi, бүгiн оның ұлы мен немересi туған ауылының өркендеуiне және дамуына атсалысуда. Ағымдағы жылы кiшi Закусилов өз кентiндегi мектепке жөндеу жүргiзудi жоспарлауда.

«Свободное», «Максимовка» және «Спасское Агро» ЖШС егiстiк алқаптарын аралап шығып, Мәлiк Мырзалин ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездестi. Атбасар ауданында облыс әкiмi «Шуйское — ХХI» және «Новосельское» ЖШС көктемгi-дала жұмыстарының барысымен танысты.




Құрылған күні: 25.05.2018
Қаралым саны: 1790

Қаз Рус Eng