Облыс әкімі Біріккен Араб Әмірлігінің экономика министрімен кездесті

Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Бiрiккен Араб Әмiрлiгiнiң экономика министрi Сұлтан әль-Мансұрмен кездестi.

Кездесуде арабтар жағы Ақмола облысында өндiрiлген ұнның алғашқы коммерциялық партиясының жеткiзiлгенiне қуанышты екенiн атап өттi. Қазақстандық 800 тонна экспорттық ұнның алғашқы коммерциялық партиясын «INTER TRADE» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi жеткiздi.

Мәлiк Мырзалин араб бизнесмендерiне Ақмола облысындағы астық, ет өңдеу және туризм салалары бойынша нақты жобаларға инвестиция салуды ұсынды. Оның iшiнде Dubai Investments Park инвестициялық паркiн ашу мәселесi талқыланды. Өңiрде барлық коммуникация жүйесi тартылған индустриалды аймақ құру жоспарда бар.

Өз кезегiнде Бiрiккен Араб Әмiрлiгiнiң экономика министрi Ақмола өңiрiнде араб компанияларының қатысуымен халал индустриясы жобасын қолға алуға қызығушылық бiлдiрдi.

Қазiргi кезде, сусын және азық-түлiк сияқты халал өнiмдерiнiң көлемi 750 миллиард теңгенi құрап, жыл сайын 7 пайызға дейiн көбейiп келедi.

Келiссөздер нәтижесiнде Араб бизнесмендерiнен құралған делегация Ақмола облысына жұмыс сапарымен келетiн болды.

Құрылған күні: 12.03.2018
Қаралым саны: 2924

Қаз Рус Eng