A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Ақмолалықтар туристік көпсайыста жүлдегер атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Туристiк көпсайыс бойынша өткен ел чемпионатының кезеңдiк жарысы мен «Горизонт» кубогiнде ақмолалық спортшылар жүлделi үшiншi орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тiлшiсi облыстық iшкi саясат басқармасының баспасөз қызметiне сiлтеме жасап. Жарысқа Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарымен қатар, Астана және Алматы қалаларынан жиналған 200-ге жуық қатысушыдан құралған 29 команда қатысып, бақ сынады. Сайыс «байланыс», «техникалық», «командалық» және «құтқару жұмыстары» тәрiздi төрт кезеңнен тұрды.

«Балғындар» тобында Ақмола облысының намысын қорғаған «5 биiктiк» командасы жүлделi үшiншi орыннан көрiндi. Жеңiмпаздарға арнайы грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Мақаланың шыққан күні: 30.03.2017
Қаралым саны: 203
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23