Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

2015 жылғы 27 маусымдағы № 79 (17643) «Арқа ажары» газетiнде

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Ақмола облысы әкiмi аппараты мемлекеттiк қызметтi ұсынуды талдау бөлiмiнiң бас маманы, D-4 санаты.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 71750 теңгеден 96735 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Жүктелген мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкiмi аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiмен, мемлекеттiк органдармен, мекемелермен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен өзара әрекет ету. Жұмыс әдiсiн жақсартудың мәселелерi, мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасы жөнiндегi қолданыстағы заңнаманы жетiлдiру туралы ұсыныстарды пысықтауға қатысу. Мемлекеттiк қызмет стандарттарының және регламенттерiнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi бойынша қызмет алушылардың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету. Қызмет берушiлердiң қатысуымен мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есептердi ашық талқылаудың өткiзiлуiн қамтамасыз ету. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша қызмет алушылардың өтiнiштерiн қарастыру. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын, сонымен қатар электронды түрде көрсетiлетiн қызмет сапасын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiп пен мерзiмде көрсетiлуiн бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға ақпарат дайындау және ұсыну. Уәкiлеттi органға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте және мерзiмде көрсетiлуiне iшкi бақылау нәтижелерiне қатысты ақпарат дайындау және ұсыну. Регламенттер жобаларының мемлекеттiк қызмет стандарттарына сәйкестiлiк мәнiне сараптама жүргiзудi қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын iшкi бақылауды жүзеге асыру. Ақпараттандыру саласында уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiстерiн оңтайландыру және автоматтандыру жөнiндегi шараларды iске асыру. Бөлiм басшысының және облыс әкiмi аппаратының басшылығы берген тапсырмаларды уақытында және сапалы орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, әлеуметтiк ғылымдары, экономика және бизнес саласында немесе құқық немесе техникалық ғылымдары және технологиялар (ақпараттық жүйелерi), мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес немесе жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде шетелдiқ жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары ережесi негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) белгiленген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама (№ 086/У);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда осы тармақтың 4) тармақшасында

көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi.

Мемлекеттiк қызметшiлермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды олар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдардың персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) куәландыра алады.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап бес жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған Ақмола облысы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру («Арқа Ажары», «Акмолинская правда» газеттерiнде) соңғы жарияланған кезден бастап 10 күнтiзбелiк күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Мекен-жай: Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, анықтама үшiн телефон нөмiрi: +7(7162) 29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz.

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты

Құрылған күні: 27.06.2015
Қаралым саны: 864

Қаз Рус Eng