Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

2015 жылғы 7 ақпандағы №16 (17580) «Арқа ажары» газетiнде

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк

лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Ақмола облысы әкiмi аппараты мемлекеттiк-құқықтық жұмысы және жұмылдыру дайындығы бөлiмiнiң басшысы, D-3 санаты.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 94813 теңгеден 128126 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Бөлiмдi жалпы басқару. Құқық қорғау және сот органдарымен, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкiмдiктерiмен, мемлекеттiк органдармен облыс аумағында қоғамдық тәртiптi және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiмен қоса, құқықтық мәселелер бойынша өзара әрекет етудi қамтамасыз ету, терроризмнiң алдын алуға қатысу. Қорытындыларды, облыс әкiмiнiң, оның орынбасарларының, облыс әкiмi аппараты басшысының тапсырмасы бойынша өзге де құжаттарды дайындау, жеке және заңды тұлғалармен жұмыс iстеу. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi және аумақтық қорғаныс iс-шараларын орындалуын қамтамасыз етуге қатысу. Аудандар, облыстық маңызы бар қала әкiмдiктерiнiң жұмылдыру жоспарларын келiсу. Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемi бойынша ұсыныстар әзiрлеу және енгiзу. Әскери есепке алуды және азаматтарды әскери қызметке даярлауды, олардың әскери қызметке, әскери жиындарға шақырылуын және жұмылдыру бойынша шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз ету. Жұмылдыру және аумақтық қорғаныс саласындағы қызметтi әскери басқару органдарымен үйлестiру және келiсу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, құқық саласында, мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес немесе осы санаттаты нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша шетелдiқ жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары ережесi негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) белгiленген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама (№ 086/У);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды олар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдардың персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) куәландыра алады.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап бес жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған Ақмола облысы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру («Арқа Ажары», «Акмолинская правда» газеттерiнде) соңғы жарияланған кезден бастап 10 күнтiзбелiк күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Мекен-жай: Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, анықтама үшiн телефон нөмiрi: +7(7162) 29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz.

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты

Құрылған күні: 07.02.2015
Қаралым саны: 971

Қаз Рус Eng