Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

2015 жылғы 1 желтоқсандағы № 145 (17709) «Арқа ажары» газетiнде

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Ақмола облысы әкiмi аппараты өндiрiс салаларын талдау бөлiмiнiң басшысы, D-3 санаты.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 94813 теңгеден 128126 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Бөлiмдi жалпы басқару. Сәулет, құрылыс, қалақұрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жылу-сумен қамсыздандыру, энергетика, телекоммуникация, сондай-ақ жолаушылар көлiгi және көлiк жолдары салаларындағы мемлекеттiк мекемелердiң, ұйымдар мен кәсiпорындардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң қызметтерiн үйлестiрудi жүзеге асыру. Қадағалу мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдармен және аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң аппараттарымен өзара қарым-қатынас жасау. Бөлiмнiң болашаққа арналған және ағымдағы жоспарларын, облыс әкiмiнiң және оның орынбасарлары мен облыс әкiмi аппараты басшысының тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, техникалық ғылымдары және технологиялар саласында немесе құқық немесе өнер (архитектура) немесе қызмет көрсету (көлiк тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды ұйымдастыру), мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес немесе осы санаттаты нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша шетелдiқ жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Ақмола облысы әкiмi аппараты индустрия мен инвестицияларды дамыту бөлiмiнiң басшысы, D-3 санаты.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 94813 теңгеден 128126 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Бөлiмдi жалпы басқару. Индустриалдық-инновациялық дамытудың бағдарламаларын, стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Мемлекет-жеке меншiк әрiптестiгiн дамыту, инвестициялар, туристiк сала, кәсiпкерлiк, халықаралық ынтымақтастық, банктiк жүйенiң, шағын несие беру, микрокредиттiк ұйымдарды үйлестiру, әкiмшiлiк кедергiлердi азайту мәселелерiне байланысты кешендi жұмыстарды атқару. Облыстық комиссиялардың жұмысын үйлестiру. Қадағалау мәселерi бойынша орталық мемлекеттiк органдарымен, мемлекеттiк мекемелерiмен және басқа заңды тұлғаларымен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Қадағалаулы мәселелер бойынша алдағы және ағымдағы жоспарлардың, облыс әкiмдiгi мен әкiмi, облыс әкiмiнiң орынбасарлары өкiмдерiнiң, шешiмдерi мен қаулыларының орындалуына бақылау жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, техникалық ғылымдары және технологиялар саласында немесе экономика және бизнес немесе қызмет көрсету, мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес немесе осы санаттаты нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша шетелдiқ жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Ақмола облысы әкiмi аппараты экономика және қаржы бөлiмiнiң бас маманы, D-4 санаты.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 71750 теңгеден 96735 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Қадағаланатын басқармалар мен департаменттердiң қызметiн үйлестiрумен байланысты болатын жұмыс кешенiн атқару. Жұмыспен қамтуды, әлеуметтiк бағдарламаларды және халықты әлеуметтiк қорғауды үйлестiру саласындағы мемлекетiтк саясаттың iске асырылуын мониторингiлеу және қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, әлеуметтiк ғылымдары, экономика және бизнес саласында, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес немесе жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде шетелдiқ жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары ережесi негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:

1.осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2.3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3.бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4.еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5.белгiленген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама (№ 086/У);

6.Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

7.құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi.

Мемлекеттiк қызметшiлермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды олар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдардың персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) куәландыра алады.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап бес жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған Ақмола облысы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру («Арқа Ажары», «Акмолинская правда» газеттерiнде) соңғы жарияланған кезден бастап 10 күнтiзбелiк күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Мекен-жай: Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, анықтама үшiн телефон нөмiрi: +7(7162) 29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz.

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты

Құрылған күні: 01.12.2015
Қаралым саны: 841

Қаз Рус Eng