A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

2015 жылғы 24 қыркүйектегi № 116 (17680) «Арқа ажары» газетiнде

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Ақмола облысы әкiмi аппараты ауыл шаруашылығы салаларын талдау бөлiмiнiң басшысы (негiзгi қызметкердiң жүктiлiгiне және босануына байланысты демалыс кезеңiне), D-3 санаты.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 94813 теңгеден 128126 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Бөлiмдi жалпы басқару. Ауыл шаруашылығы, ветеринария, агроөнеркәсiп кешенi, жер, су қатынастары, табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк мекемелердiң, ұйымдар мен кәсiпорындардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң қызметтерiн үйлестiрудi жүзеге асыру. Қадағалу мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдармен және аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң аппараттарымен өзара қарым-қатынас жасау. Бөлiмнiң болашаққа арналған және ағымдағы жоспарларын, облыс әкiмiнiң және оның орынбасарлары мен облыс әкiмi аппараты басшысының тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, ауыл шаруашылық ғылымдары саласында немесе ветеринария немесе жаратылыстану (экология, гидрология) немесе экономика және бизнес немесе қызмет көрсету (жерге орналастыру), мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес немесе осы санаттаты нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша шетелдiқ жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Ақмола облысы әкiмi аппараты өндiрiс салаларын талдау бөлiмiнiң басшысы, D-3 санаты.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 94813 теңгеден 128126 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Бөлiмдi жалпы басқару. Сәулет, құрылыс, қалақұрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жылу-сумен қамсыздандыру, энергетика, телекоммуникация, сондай-ақ жолаушылар көлiгi және көлiк жолдары салаларындағы мемлекеттiк мекемелердiң, ұйымдар мен кәсiпорындардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң қызметтерiн үйлестiрудi жүзеге асыру. Қадағалу мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдармен және аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң аппараттарымен өзара қарым-қатынас жасау. Бөлiмнiң болашаққа арналған және ағымдағы жоспарларын, облыс әкiмiнiң және оның орынбасарлары мен облыс әкiмi аппараты басшысының тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, техникалық ғылымдары және технологиялар саласында немесе құқық немесе өнер (архитектура) немесе қызмет көрсету (көлiк тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды ұйымдастыру), мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес немесе осы санаттаты нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша шетелдiқ жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Ақмола облысы әкiмi аппараты индустрия мен инвестицияларды дамыту бөлiмiнiң басшысы, D-3 санаты.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 94813 теңгеден 128126 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Бөлiмдi жалпы басқару. Индустриалдық-инновациялық дамытудың бағдарламаларын, стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Мемлекет-жеке меншiк әрiптестiгiн дамыту, инвестициялар, туристiк сала, кәсiпкерлiк, халықаралық ынтымақтастық, банктiк жүйенiң, шағын несие беру, микрокредиттiк ұйымдарды үйлестiру, әкiмшiлiк кедергiлердi азайту мәселелерiне байланысты кешендi жұмыстарды атқару. Облыстық комиссиялардың жұмысын үйлестiру. Қадағалау мәселерi бойынша орталық мемлекеттiк органдарымен, мемлекеттiк мекемелерiмен және басқа заңды тұлғаларымен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Қадағалаулы мәселелер бойынша алдағы және ағымдағы жоспарлардың, облыс әкiмдiгi мен әкiмi, облыс әкiмiнiң орынбасарлары өкiмдерiнiң, шешiмдерi мен қаулыларының орындалуына бақылау жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, техникалық ғылымдары және технологиялар саласында немесе экономика және бизнес немесе қызмет көрсету, мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес немесе осы санаттаты нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша шетелдiқ жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Ақмола облысы әкiмi ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлiмiнiң бас маманы, D-4 санаты.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 71750 теңгеден 96735 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Елбасының, ҚР Премьер-Министрiнiң, ҚР Премьер-Министрi орынбасарларының облысқа жасаған жұмыс сапарларының барысында берген тапсырмаларын, облыс әкiмiнiң, аппарат басшысының тапсырмаларын, Елбасының жыл сайынғы жолдаулары жөнiндегi жалпыұлттық жоспарды, барлық деңгейдегi әкiмдердiң халыққа есеп беру кездесулерiнде айтылған ұсыныстар мен ескертулердi орындау жөнiндегi бақылауды, бөлiмнiң құзыреттiлiгiне жататын iшкi бақылауды ұйымдастыру. Бақылауды ұйымдастыруда әдiстемелiк көмек көрсету. Бақылаудың электрондық жүйесiн жетiлдiру. Бөлiмнiң қызметiне қатысты iс-шаралардың, жоғары тұрған органдар құжаттарының, нормативтiк құқықтық актiлердiң сапалы және уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Облыс әкiмiнiң қатысуымен өткiзiлетiн iс-шараларды дайындауды және өткiзудi ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. Облыстағы атқарушы органдардағы атқарушы тәртiптiң ахуалы туралы облыс әкiмдiгi мен аппарат басшылығын хабардар ету. Талдамалы, әдiстемелiк және ақпараттық материалдарды дайындау. Облыс әкiмi өткiзетiн аппараттық кеңестердiң хаттамаларын, бөлiмнiң iсiн жүргiзу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, құқық саласында немесе әлеуметтiк ғылымдары, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдары және технологиялар, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес немесе жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде шетелдiқ жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының бас маманы, D-4 санаты.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 71750 теңгеден 96735 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы және ағымдағы жұмыс жоспарларын орындау. Өңiрдегi қоғамдық тұрақтылықты және азаматтық келiсiмдi нығайту мен дамыту жөнiндегi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн орындауды ұйымдастыру. Қазақстан халқы Ассамблеясы және Ақмола ассамблеясы жөнiндегi ережелерге сәйкес хатшылық қызметiн ұйымдастыру-әдiстемелiк және құжаттамалық қамтамасыз етiлуiн жүзеге асыру. Ақмола ассамблеясының Кеңесi мен сессияларына тиiстi құжаттарды және қаралатын мәселелердi дайындау, Ақмола ассамблеясының Кеңесi және сессиялары шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды ұйымдастыру. Ассамблеяның алдағы және ағымдағы жұмыс жоспарларының орындалуына бақылауды ұйымдастыру, талдамалық, ақпараттық және әдiстемелiк материалдарды дайындау. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерiмен Ақмола ассамблеясы мүшелерiнiң өзара байланысын жүзеге асыру. Облыстағы этно-мәдени бiрлестiктердiң, Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясы мүшелерiнiң қызметтерiн үйлестiру, олардың мемлекеттiк құрылымдармен, өз құзiреттiлiгiнiң аясында Ақмола ассамблеясының Кеңесiмен және атқарушы хатшылығымен өзара байланысын қамтамасыз ету. Мемлекеттiк құрылымдармен өзара қарым-қатынас жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, бiлiм беру саласында немесе әлеуметтiк ғылымдары, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдары, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес немесе жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде шетелдiқ жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары ережесi негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:

1.осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2.3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3.бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4.еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5.белгiленген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама (№ 086/У);

6.Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

7.құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi.

Мемлекеттiк қызметшiлермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды олар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдардың персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) куәландыра алады.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап бес жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған Ақмола облысы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру («Арқа Ажары», «Акмолинская правда» газеттерiнде) соңғы жарияланған кезден бастап 10 күнтiзбелiк күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Мекен-жай: Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, анықтама үшiн телефон нөмiрi: +7(7162) 29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz.

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты

Мақаланы құрған күні 24.09.2015
Қаралым саны: 347

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Әдеп жөнiндегi уәкiлi:
8 (7162) 29-73-54

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Электрондық жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-51

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-23, 29-72-25, 29-72-54

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы