Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Мекен-жай: Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, 406а кабинетi, анықтама үшiн телефон нөмiрi: +7(7162) 29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz.

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң жетекшi маманы, D–5 санаты

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Облыс әкiмiнiң телефон арқылы сөйлесуiн жедел қамтамасыз ету, ол орнында жоқ кезде келiп түскен хабарламаларды, мәлiметтердi, шақыруларды жазып отыру, оны оның назарына жеткiзу, облыс әкiмi аппаратының қызметкерлерiн, облыстық департаменттердiң, басқармалардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын облыс әкiмiнiң тапсырмасы бойынша шақыру. Қажеттi қызметтiк құжаттар мен материалдарды, облыс әкiмi қарайтын құжаттарға бұрыштамаларды жедел басып шығару. Облыс әкiмiнiң, көмекшiлердiң iссапарлары туралы бұйрықтардың жобасын дайындау, iссапарлық куәлiктерiн рәсiмдеу. Облыс әкiмi қабылдау күнiнен тыс қабылдаған адамдардың тiркеуiн жүргiзу. Облыс әкiмiнiң қарауына келiп түскен және одан шыққан хат-хабарлардың есебiн жүргiзу. Республика және облыстар басшыларының лауазымдық телефондарының тiзiмiн жаңартып отыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

жоғары бiлiм бiлiм беру саласында немесе гуманитарлық ғылымдары немесе құқық немесе әлеуметтiк ғылымдары, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдары және технологиялар.

мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейiнгi бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Құжаттар жалпы конкурс жариялау туралы Ақмола облысының әкiмi аппараты және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның ресми сайттарында соңғы жарияланған күннен кейiн 10 жұмыс күнi iшiнде ұсынылуы тиiс.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде өткiзiледi.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап бес жұмыс күн iшiнде Ақмола облысы әкiмi аппаратында өтедi.

Конкурстық комиссияның отырысына бақылаушылар қатыса алады. Тұлғалар тiркелу үшiн мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметiне хабарласуы қажет.

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағат бұрын кешiктiрiлмей бередi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Конкурсқа қатысу үшiн жұмсалған шығыстар (конкурс өткiзiлетiн орынға бару қайта келу жол ақысы, т.б.) азаматтардың есебiне жатқызылады.

Құрылған күні: 28.03.2016
Қаралым саны: 882

Қаз Рус Eng