Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Мекен-жай: Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, 406а кабинетi, анықтама үшiн телефон нөмiрi: +7(7162) 29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушiсi, D-2 санаты

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 163232 теңгеден 220697 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Өңiрде қоғамдық тұрақтылықты және азаматтық татулықты сақтау және нығайту жөнiндегi Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын ұйымдастыру. Ақмола ассамблеясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының арасындағы қарым-қатынас жөнiндегi келiсiлген әрекет етудi үйлестiру. Мемлекеттiк құрылымдармен, республикалық, облыстық этномәдени және дiни бiрлестiктермен өзара әрекет ету. Гендерлiк саясатты жүзеге асырумен байланысты болатын кешендi жұмыстарды атқару. Гендерлiк теңдiк мәселелерi жөнiндегi бағдарламалардың iске асырылуын бақылау. Облыс әкiмiнiң жанындағы әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Қажеттi бағдарламаларды орындау, демографиялық ахуалды, гендерлiк көрсеткiштердi талдау және болжау. Әйелдердiң қоғамдық ұйымдарымен және үкiметтiк емес ұйымдармен өзара әрекет ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiмi жоғары, бiлiм беру немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар немесе қызмет көрсету немесе құқық саласында;

мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында не саяси лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

2) мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екi жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейiнгi оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Мемлекеттiк-құқықтық жұмысы және жұмылдыру дайындығы бөлiмiнiң басшысы, D-3 санаты

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 123257 теңгеден 166564 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Бөлiмдi жалпы басқару. Құқық қорғау органдарымен, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкiмдiктерiмен, мемлекеттiк органдармен облыс аумағында қоғамдық тәртiптi және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiмен қоса құқықтық мәселелер бойынша өзара әрекет етудi қамтамасыз ету, терроризмнiң, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң алдын алуға қатысу. Облыс әкiмiнiң, оның орынбасарларының, облыс әкiмi аппараты басшысының тапсырмасы бойынша қорытындыларды және өзге де құжаттарды дайындау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, ТЖ және әскери iс жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге қатысу. Аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң жұмылдыру жоспарларын келiсу. Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемi бойынша ұсыныстар әзiрлеу және енгiзу. Әскери есепке алуды және азаматтарды әскери қызметке даярлауды, олардың әскери қызметке, әскери жиындарға және жұмылдыру бойынша шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Әскери басқару органдарымен жұмылдыру және аумақтық қорғаныс саласында қызметтi үйлестiру және келiсу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiмi жоғары, құқық саласында;

мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында не саяси лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

2) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екi жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Қоғамдық-саяси жұмыс бөлiмiнiң бас маманы (бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты демалыс кезiне), D-4 санаты

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 93275 теңгеден 125755 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Қадағаланатын басқармалар мен департаменттердiң қызметiн үйлестiрумен байланысты болатын жұмыс кешенiн атқару. Iшкi саясат, жастар, тiл саясаты, архивтер, дiн, мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк мiндеттердi жүзеге асыру. Iшкi саясат саласындағы ахуалды талдау және болжау. Үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiмi жоғары, бiлiм беру немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында;

мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында не саяси лауазымдарда бiр жылдан кем емес мемлекеттiк қызмет өтiлi;

2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдардың кiшi басшы құрамындағы лауазымдарда екi жылдан кем емес мемлекеттiк қызмет өтiлi;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде өткiзiледi.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап бес жұмыс күн iшiнде Ақмола облысы әкiмi аппаратында өтедi.

Конкурстық комиссияның отырысына бақылаушылар қатыса алады. Тұлғалар тiркелу үшiн мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметiне хабарласуы қажет.

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағат бұрын кешiктiрiлмей бередi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Конкурсқа қатысу үшiн жұмсалған шығыстар (конкурс өткiзiлетiн орынға бару қайта келу жол ақысы, т.б.) азаматтардың есебiне жатқызылады

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Құрылған күні: 07.04.2016
Қаралым саны: 834

Қаз Рус Eng