Б. Сағынтаев «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы аясында ірі инвесторлармен екіжақты кездесулер өткізді

Бүгiн «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы аясында ҚР Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаев қазақстандық кәсiпорындармен бiрлескен қызметтi табысты дамытып отырған iрi инвестициялық компаниялардың басшыларымен, форум қатысушыларымен бiрқатар екiжақты кездесулер өткiздi.

Олардың iшiнде Tokyo Rope Manufacturing Co. компаниясының бiрiншi вице-президентi Козунори Сатомен, Aberdeen Standard Life компаниясының стратегиялық клиенттерiнiң жаһандық жетекшiсi Джон Кэмпбеллмен, AVM Ayakkabi компаниясының басқарма төрағасы, Анатолиялық кәсiпкерлер қауымдастығының вице-президентi және түрiк аяқ-киiм өнеркәсiбi қауымдастығының басқарма мүшесi Бекiр Айдынмен, Carmeuse Europe компаниясының бас директоры Андре Жакмартпен және «Русал» компаниясының бас директоры Владислав Соловьевпен кездесу өткiздi.

Кездесулер барысында энергетика, химия өнеркәсiбi, өнеркәсiптiк өндiрiс, құрылыс, машина жасау салаларында, мұнай-газ, тау-кен және металлургия, ауыл шаруашылығының өндiрiс компоненттерiн шығару бойынша бiрлескен жаңа инвестициялық жобаларды iске асыру және ынтымақтастықты кеңейту мәселелерi талқыланды. Форум қатысушылары, сондай-ақ, жалпы әлемдiк экономика мен Қазақстандағы экономикалық реформаларды дамытудың бiрқатар бағыттары туралы пiкiр алмасты.

 

Құрылған күні: 05.12.2017
Қаралым саны: 1546

Қаз Рус Eng