Бурабай жазғы туристік маусымды ашуға дайындалуда

Бүгiнгi таңда Бурабайда Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен курорттың жаз маусымына дайындық мәселелерi бойынша көшпелi кеңес өттi. Оған облыстық басқармалар мен ведомстволардың, «Бурабай» ұлттық паркiнiң басшылары және туристiк бизнес өкiлдерi қатысты.

Бурабай ауданының әкiмi Қанат Қарауылов туризм инфрақұрылым объектiлерiнiң саны жыл сайын көбейiп келе жатқандығын баяндады. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың басында 70 адамнан астам сыйымдылығымен «Архей» сауықтыру кешенi пайдалануға берiлдi. Iске асырылу сатысында — 100 орынға қонақ үй кешенi, сауда-ойын-сауық орталығы, мәдени-тұрмыстық және ойын-сауық қызметiн көрсету объектiлерi. Сонымен қатар, 14 га ауданында әлеуметтiк-мәдени, сауда-ойын-сауық, спорттық-сауықтыру мақсатындағы объектiлердi, мейманжай үйлерiмен қонақ үйiн және променад аймағын қамтитын көп функционалды кешен салу жоспарлануда.

«Бурабай даму» ЖШС бiрыңғай байланыс орталығының басшысы Азамат Баймұқанов қонақ үй кешендерiнiң, мейрамханалардың, туристiк агенттiктер мен саяхат бюроларының өзара әрекет етуi бойынша жүргiзiлетiн жұмыс туралы айтып бердi. Атап айтқанда, мысалы «Әлем» отельдер желiсi өз клиенттерiне тегiн саяхаттар мен жаяу серуендеудi, «Жайлау» этноауылына және «BurabayLand» ойын-сауық паркiне, сондай-ақ квадрациклдерде серуендеуге, ат үстiнде серуендеуге 50% жеңiлдiгiмен қыдыруға дисконттық карталарды, 5D кинотеатрына, табиғат мұражайына баруды, садақтан атуды, арқанды парктi және тағы да басқаларын қамтитын туристiк топтама ұсынады.

Кеңес барысында «Есiл» ӘКК» ҰК» АҚ басшысы Қазбек Ескендiров Бурабайда табиғи ағашты пайдалану арқылы бiрыңғай стильдегi сауда павильондарының құрылысы үшiн 30 орын бөлiнетiндiгiн баяндады. Бұл механизм ұйымдастырылмаған сауда жүргiзудiң, курорт аймағының сыртқы келбетiнiң мәселесiн шешуге мүмкiндiк бередi, туристердi сапалы өнiммен қамтамасыз етедi және сауда орындарын алуда ашықтық пен жариялылық бөлiгiнде кәсiпкерлердiң сенiмiн арттырады.

Кеңестiң қорытындысы бойынша Мәлiк Мырзалин жауапты тұлғаларға жаз маусымы басталғанға дейiн Бурабай курортының туристiк инфрақұрылымы объектiлерiнiң туристердiң келуiне және оларды қабылдауға дайындығын қамтамасыз етудi, IIД және ТЖД суға түсу маусымында су қоймаларында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi, құтқарушылар мен қажеттi жарақтандырылуын дайындауды, БАҚ, бiлiм беру мекемелерiнде дәрiстер мен әңгiмелесулер өткiзу арқылы алдын алу iс-шараларын өткiзудi, сондай-ақ жағажай аймақтарында телефон нөмiрлерi мен судағы қауiпсiздiк ережелерiн көрсету арқылы ақпараттық стендеттер орнатуды тапсырды. Сонымен қатар, өңiр басшысы курорт аймағының барша аумағында туристер үшiн ақпараттық жолсiлтегiштер орнатуға, трасса бойында орналастырылған ескi дәретханаларды алып тастауға және жаңа қоғамдық дәретханаларды орнатуды тездетуге ерекше назар аударды.

Одан кейiн, көл жағалауында аквапарк құрылысының басталуын, орталық көшеден жағажай аймағына дейiнгi екi аллеяны, кемпинг алаңдарын, аумақтың көгалдандырылуын және жолдардың ахуалын тексерiп шықты. Сондай-ақ, марал шаруашылығына және оның емдеу кешенiне жақын орналасқан жаңа «Жайлау» этноауылда болды. Бұл жерде қонақтарға қазақ халқының өзiндiк мәдениетiне шолу жүргiзу мүмкiндiгi ұсынылды. Жаз маусымы басталысымен этноауылда ұлттық ойындарымен барлық мүмкiн болатын iс-шаралар өткiзу жоспарлануда, Бурабай ауданының киелi орындары бойынша атпен және жаяу серуендеу ұйымдастырылатын болады.

 

Құрылған күні: 16.05.2018
Қаралым саны: 399

Қаз Рус Eng