A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Дәурен Абаев: Қазақ тілінің мәртебесі өседі

АСТАНА. ҚазАқпарат — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасының «Ашық диалог» жобасы аясында өткен аптаның ең көп талқыланған мәселелерiне қатысты өз пiкiрiн бiлдiрдi. Мекеме басшысы қазақ тiлiне қатысты мәселелердi жариялау аясындағы отандық БАҚ-тың позициясына таң қалатынын айтты. «Қазақ тiлi мен қазақ әдебиетiне қатысты барлық дүниелер әрдайым өткiр болмақ. Бiлiм және ғылым министрлiгi барынша толық түсiнiктеме бердi. Олар, керiсiнше, сынақ тапсырудағы қазақ тiлiнiң рөлiн күшейттi. Әзiрге БҒМ ҰБТ-ны екiге бөлдi: мектептегi бiтiру емтихандары және ЖОО-ға түсу емтихандары. Мектеп бiтiру емтихандарында қазақ тiлi қалды және ол аттестатқа ықпал ететiн болады. Мектеп бiтiрушiлердiң саны университетке түсетiндер санынан әлдеқайда көп, сондықтан қазақ тiлiнiң мәртебесi өседi», — дедi министр. Өткен аптадағы барлық ақпараттар ағынынан Дәурен Абаев алматылық Вячеслав Поповтың мәлiмдемесiн ерекше атап өттi. В.Попов Фейсбуктағы парақшасында жарты жылда қазақ тiлiн үйренiп алуға ниеттi екенiн жазды. «Мен жеке өзiм үшiн
Вячеслав Поповтың қазақ тiлiн үйрену туралы мәлiмдемесiн түртiп алдым. Бұл ұмтылысты үнемi бақылайтын боламын. Бiздiң қоғамда қазақ тiлi оқытылмай жатыр деген мәселе қызу талқыға түседi, бiрақ азаматтардың қазақ тiлiн өз бетiнше үйренуге жасаған ұмтылыстары көлеңкеде қала бередi. Ақпарат және коммуникациялар министрi ретiнде менi бұл мәселе таңғалдырды», — дедi министр.

 

Мақаланың шыққан күні: 17.03.2017
Қаралым саны: 100
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23