Құрметті соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері! Қадірлі ақмолалықтар!

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңiстiң 73 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.

Барлығымыз үшiн бұл мереке ерекше мағынаға толы — ол баға жетпес қуаныш сезiмi мен жүрек сыздатар қайғыны бiрiктiредi. Бiз, сұрапыл соғыс даласында жан берген батырларымызды мәңгiлiк есте сақтаймыз және жеңiмпаз — әскерiмiздiң қуаттылығы үшiн тер төккен тыл еңбеккерлерiнiң ерен еңбегiн мақтан тұтамыз.

1945 жылғы Жеңiс — сана-сезiмiмiзде нық орын алған — өз Отанына деген шынайы берiлгендiктiң, қайтпас қаһармандылықтың және мәңгiлiк ерлiктiң жарқын белгiсi. Көп ұлтты Қазақстан халқы бiрлiгiнiң, өз отанына және өз тарихына деген құрметiнiң нышаны. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, халық бiрлiгiнiң нәтижесiнде ғана соғыста жеңiске жеттiк.

Өскелең ұрпаққа өжеттiлiк пен ынтымақтастықты көрсеткен Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне шынайы сүйiспеншiлiгiмiздi және терең алғысымызды бiлдiремiз. Аргерлердiң соғыс жылдарындағы ерлiгi мен ерен еңбегi бiздi бейбiт мақсаттарға, елiмiздiң егемендiгi мен бостандығын сақтауға, оның қуаттылығын нығайтуға жетелейдi.

Осы бiр атаулы күнi сiздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тiлеймiз. Аспанымыз әрқашан ашық болсын!

Iзгi ниетпен,
Ақмола облысының әкiмi                                                                                                              Мәлiк Мырзалин

Құрылған күні: 09.05.2018
Қаралым саны: 1829

Қаз Рус Eng