Қадірлі жерлестер!

Сiздердi көктемнiң көңiлдi мерекесi Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз ежелден бейбiтшiлiк пен бiрлiктiң, молшылық пен игiлiктiң мейрамы болып тойланып келсе, Тәуелсiздiгiмiзбен бiрге жаңа сипат алып, қайта жаңғырды.

Биылғы жылы Ұлыстың ұлы күнiн отандастырымыз ерекше көңiл күймен қарсы алып отыр. Қазақстан төртiншi өнеркәсiптiк революцияны қолға ала отырып, байыпты жаңғыру мен серпiндi дамудың жаңа мүмкiндiктерiн жүзеге асыруға кiрiстi. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтiк бастамасы аясында елiмiздiң әлеуметтiк саясатын жаңғырту бағытындағы тиiмдi шаралар қолға алынуда.

Республикамыздың басқа аймақтары сияқты бiздiң өңiрiмiз де табысты дамуда. Ақмола облысы экономикалық-әлеуметтiк даму нәтижелерi бойынша ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға қол жеткiздi деп айта аламыз. Осы орайда, барша ақмолалықтарға қол жеткен жетiстiктерiмiзге қосқан үлестерi мен еңбектегi табыстары үшiн зор алғысымды бiлдiргiм келедi.

Көктемнiң шуақты да нұрлы ұлық мейрамы әз Наурыз әрбiр отбасына бақыт, қуаныш пен игiлiк, тыныштық пен татулық әкелсiн!

Ұлыстың ұлы күнi құтты болсын!

Игi тiлекпен
Мәлiк Мырзалин,
Ақмола облысының әкiмi.

Құрылған күні: 21.03.2018
Қаралым саны: 2768

Қаз Рус Eng