A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Өңір басшысы су басу қаупі орын алған Сандықтау ауданында болды

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi М.Мырзалин Атбасар ауданының су басу қаупi бар аймақтарын әуеден бақылағаннан кейiн, Сандықтау ауданының да қауiптi аймақтарын қарап, Балкашино ауылына шұғыл жеттi.

Сандықтау ауданындағы Жабай өзенi су деңгейiнiң көтерiлуiне байланысты 300 аула тасқын судан зардап шектi. Бүгiнгi күнi мамандар судан келген апаттың келтiрген зиянын есептеуде. Ендi мұнда тәулiк бойы жергiлiктi атқарушы органдар, IIМ және ТЖ жеке құрамының күштерi жұмылдырылуда. Жалпы, су басу аумағынан 729 адам көшiрiлген.

Сандықтау ауданында бүгiнде су тасқынының салдарын жоюға арнайы тиiстi қаражат жұмсалуда. Құтқару жұмыстарына ТЖД және жергiлiктi полицияның 100-ден астам қызметкерлерi қатысуда.

Мұнда өңiр басшысы Жабай өзенiнiң деңгейiн бақылап, су басқан үйлердi аралады және тұрғындармен кездестi.

Балкашино ауылындағы су торабы станциясының апат салдарынан iстен шығуына байланысты мұнда тұрғындарға ауыз су беру уақытша тоқтатылған. Бүгiнгi күнi «Көкшетау минералды сулары» ЖШС тұрғындарға ауыз суды жеткiзiп берудi ұйымдастыруда.

Атбасар және Сандықтау аудандарына барған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша, өңiр басшысы аудан әкiмдерiне бiрқатар тапсырмалар бердi. Атап айтқанда, ең алдымен адам шығынын болдырмас үшiн тұрғындарды уақытылы әрi қауiпсiз жерге көшiрудi, апат салдарын жоюға барлық қажеттi құрал мен қаражатты жұмылдыруды, арнайы қызмет әрекеттерiн жiтi ұйымдастыруды, тонаушылықты болдырмау және жағдайды толық бақылауда ұстауды мiндеттедi.

Ақмола облысы әкiмiнiң
баспасөз қызметi

 

 

Мақаланың шыққан күні: 17.04.2017
Қаралым саны: 347
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23