Аймақ басшысы облыстық білім беру басқармасының басшысы Б. Ізбасароваға алғысын білдірді

Бүгiн облыс әкiмi М. Мырзалин аппарат кеңесiн өткiзiп, онда облыстық бiлiм беру басқармасының басшысы Б. Iзбасарованың құрметтi демалысқа шығуына орай «Алғыс хат» табыстап, бiрлесiп жұмыс iстеген уақытқа барлық әрiптестерiнiң атынан шынайы алғысын бiлдiрдi.

Өз сөзiнде Мәлiк Мырзалин, Балым Сәбетқызының барлық қызмет жолын Ақмола облысына арнап, жас ұрпақ пен аймақтың бiлiм беру жүйесiнiң дамуына өзiндiк үлес қосқанын атап айтты.

Б. Iзбасарова 1983 жылы С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын тәмәмдаған соң, комсомол комтиетiнде хатшылық қызметте еңбек жолын бастаған. Мұнан кейiн 34 жыл бойы мемлекеттiк қызметте жұмыс iстеген.

Әр жылдары Атбасар, Сандықтау, Бұланды, Целиноград аудандарында бiлiм беру бөлмiнiң меңгерушiсi, аудан әкiмдерiнiң әлеуметтiк сала бойынша орынбасары болды. 2013 жылдан бастап, бүгiнге дейiн облыстық бiлiм беру басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

Көпжылдық жұмыс өтiлiнде Б. Iзбасарова «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен, «Бiлiм беру саласының үздiгi» төс белгiсмен және мерекелiк медальдармен марапатталған.

Құрылған күні: 13.07.2017
Қаралым саны: 1322

Қаз Рус Eng