A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен сұхбаты

1.Хабар 24.

Ахметжан Смағұлұлы, сiз осы жұмысты ендi бастаған сәтте өзiңiздi оптимист ретiнде таныттыңыз. Сiз топ-менеджменттi оңтайландырып, қосымша инвестицияларды тартуды және туристiк әлеуеттi дамыту жоспарлаған болатынсыз. Ал қазiргi уақытта, ЭКСПО-2017 көрмесiнiң басталуына 13 күн қалған кезде, ненi iске асыра алдық, неге қол жеткiздiк, мүмкiн iске асырылмай қалған ойларыңыз бар ма? Солар туралы айтып кетсеңiз?

Президенттiң менi ұлттық компанияның басшысы етiп тағайындағаннан кейiн, екiншi күнi, дәл айтқанда 2016 жылдың 13 тамызында құрылыс алаңына келiп, нысан ретiнде алғаш BI-Group компаниясы салып жатқан C1 аталатын павильонды көргенiм есiмде. Шынын айтқанда, бұл жерде қабырғалары мен өндiрiстiк кестесi орнатылған бетонды тақташасы ғана болған, басқа ешқандай үй-жайлар болған емес. Ол кезде оптимизмге толы аса сезiммен жағдайға қараған жоқпын. Алда үлкен жұмыс күтiп тұрды, ең алдымен, ол ұлттық компанияның департтаменттерiмен, оның құрылымымен, iске асырылуы тиiс жұмыстың көлемiмен танысу қажет болды, ал уақыт болса аз. Жұмыс басталғаннан кейiн ақырын оптимизм де пайда бола бастады және бiр айдан соң берген сұхбаттың барысында шынымен оптимизге толы едiм. Алға қарай жүруден басқа амал болмады, ал скептиктер және бiтiрiп үлгеретiнiмiзге күдiктенетiн адамдар көп болды. Алайда жұмыс жүрдi, ал бiз болсақ барлығын жаңадан бастадық. Соңғы уақытқа дейiн УШБ — Уақытша шарттық баға деген түсiнiк болды және бiрде бiр жоба болмады. Өздерiңiз бiлетiндей, кез келген құрылыста ең алдымен жобалау-сметалық құжаттаманы дайындалады, сосын ол сараптамадан өтiп, құрылыс басталады. Ал бiздiң жағдайда уақыт өте тығыз болды, айтпақшы, алғаш ЖСҚ тек өткен жылдың қараша айында ғана алдық. Қазiргi таңда бiздiң қолымызда 26 нысан бойынша 26 ЖСҚ бар және олардың барлығы сараптамадан өткен. Бiз үлкен жұмыс жасадық, тiптен мердiгерлермен күрестiк, бұл үйреншiктi жағдай, себебi барлығы көбiрек ақша жасағысы келедi, бiрақ бұл жұмысты да табысты атқардық. Нәтижесiнде, 2014 жылы әзiрленген ТО-да көрсетiлген қызметтiң құнынан қазiр 300 млрд.теңгенi үнемдей алдық. Бұл 1,5 жыл өте ауыр болды, алайда мен жобалаушылардың, инженерлердiң, сәулетшiлердiң жұмысына, әсiресе жұмысшыларға алғысымды бiлдiргiм келедi. Осындай қарлы қысқа, осы күнге дейiн соққан боранды және желдi көктемге қарамастан барлығы өте үйлесiмдi жұмыс атқарды. Бүгiн барлық нысандар аяқталды, көрме кешенiнiң аумағында негiзiнен орнату және сәулеттендiру жұмыстары жүргiзiлiп жатыр.

2.Россия 24

Қайырлы күн, мен Бүкiлресейлiк мемлекеттiк телерадиокомпаниясының, яғни Россия, Россия 24 арналарының өкiлi боламын және бiздiң телеарналар бүгiнгi күнге дейiн осы жердегi жұмыс фронтының қалай жүрiп жатқанын аса қызығушылықпен бақылады. Мен кездейсоқ «фронт» деп атамадым, себебi барлығы жеңiс үшiн, уақытты жеңу үшiн және ауа-райының қолайсыздықтарын жеңу үшiн жасалып жатқандай болды. Ал бүгiн, көрменiң ашылуына екi жетi қалғанда, бiз жеңiске жақын қалғаны сезiлiп отыр, менiң ойымша ол ауада қалқып жүр. Менiң сұрағым көбiнесе Қазақстан және Ресей Федерациясын бiр-бiрiн жалғайтын стратегиялық байланыстар мен қарым-қатынастарға негiзделедi. Екi елдiң экономикасында салмақты шикiзат пайызы бар. Екi елдiң экономикасы негiзiнен мұнай өндiруге бағытталған. ЭКСПО көрмесiнiң ұраны — жаңа технологиялар мен жаңа энергия. Мен болашақта Қазақстан мен Ресей экономикалары өзгереме ме, оларда шикiзат қазiргiге қарағанда, қаншалықты басым болады дегенге қатысты болжамыңызды естiгiм келедi?

Болашақ тұжырымдамасын өте кең қарауға болады. Яғни, бұл — болашақ. Егер бiз қысқа мерзiм туралы айтар болсақ, онда әрине елдерiмiздiң экономикасының күрт өзгеруi екiталай. Бiрақ, әрине бiзұзақ мерзiмдi перспективаларға қарауымыз тиiс. Осы тұрғыдан алғанда, өмiрдiң өзi сияқты, экономиканың өзгеретiнi сөзсiз. Мысалы, 90-жылдары Мен Премьер-Министрдiң орынбасары болдым және сол уақытта энергетика мәселелерiне жетекшiлiк еттiм. Қазiргi таңда табысты жұмыс iстеп жатқан Өнiмдi бөлiсу туралы келiсiмдi мен өзiм осыдан 20 жыл бұрын Вашингтонда бiздiң екi елдiң және АҚШ мемлекет басшыларының қатысуыменболған кездесу барысында мұнай компанияларыменжасасқан болатынмын.

Ол кезде жаңартылатын энергия көздерi және альтернативтi энергия туралы ойда болған жоқ. Шынымды айтсам, мен жұмысқа кiрiскен кезде ғана осы тақырыпты қарастыра бастадым. Көптеген қазақтар мен орыстардың да жағдайы осындай деп ойлаймын, өздерi осыған тап болмайынша, жасыл энергияның ауқымды қолдану арқасында экономиканың өзгере алуын елестете алмайды. Қазiр Президенттiң алға болжауымен “Болашақ энергия” тақырыбын таңдау шешiмiн түсiнемiз. Қазiрде шикiзат өндiрушi елдердiң мұнай бағасының құбылмалығына тәуелдiлiгiн байқаймыз. Мәселен, мен күнделiктi мұнай бағасының өзгерiсiн байқаймын, қазiрде 50-ден жоғары, жуырда түсiп кеткен болатын, одан да төмен болып, қайтадан көтерiледi, кейiн тұрақталып, қайтадан өзгердi. Сондықтан рубль мен бiздiң теңгемiздiң де бағамы да өзгередi. Басқаша айтқанда, ұлттық валютаның өзгерiсi әрбiр азаматқа әсер тигiзедi. Сондықтан дүниежүзi мемлекеттерi тұрақтылыққа қадам жасап, альтернативтi энергияны қолдану шараларын ойластыруда.70- шы жылдары мұнай газ секторында дағдарыс болды, сондықтан француздар атомды энергия көздерiн қолдану шешiмiн қабылдады. Бүгiн Франция энергиясының 72% атомдық электростанцияларда өндiрiледi, мемлекет энергияны шетелдерiне жөнелтедi, энергия көлемi бойынша әлемде екiншi, ал үлесi бойынша бiрiншi орынды алады. Энеригия шығындарын айтарлықтай қысқартқаннан кейiн, қазiрде жұмыс жалғасуда. Бүгiнде мемлекеттердiң құрылыстары мен экспонаттарын көрген сайын, бұл тақырыпты жақсырақ түсiне бiлесiн. Мәселен, Германия 30 және 1 мамырдажаңармалыэнергиякөзiнен 85% электроэнергияны өндiрдi, Голландияда өткен жылы 75% поездар, ал осы жылы 100% жел энергиясымен жүрдi. Жалпы көлеммен қарастыратын болсақ, жаңармалы энергия қолдану аясы өте жоғары мемлекеттер бар, кей мемлекеттер энергияны тек негiзгi бағыттармен қолданады, алайда көбiне дәстүрлi қуат көздерi басым қолданылады. Алайда, Президенттiң бiрнеше рет атап өткендей мұнай сарқылып, немесе қандай да бiр ауытқу жағдайында мұнай бағасы төмендеп, оны өндiру және экспорттау тиiмсiз екенiн түсiнуiмiз керек.

Осы тұрғыда “Болашақ энергиясы” тақырыбы тек әлемдiк державаларға емес, дамушы елдерге де маңызды, осындай көрме Халықаралық көрме бюросының тарихында бiрiншi рет өткелi тұр. Осылайша бiз энергия дағдарысын шешетiн жолдарды iздеуде бастаманы беремiз. Өткен жылы 30 мемлекет көрмеге қатысу ықыласын бiлдiрдi, ал қазiрде көрмеге 115 мемлекет ынтамен қатысады. Бiзде күнделiктi павильон өкiлдерiмен болашақ энергиясы тақырыбында пресс-конференциалар өтедi. Осы мемлекеттер өз кезегiнде үлкен жұмыс атқаруда және ЭКСПО алаңында өздерiнiң айтарлықтай әлеуетiн көрсетуге дайын. ЭКСПО көрмесiн өткiзу осы аядағы бiлiктi мамандарға, азаматтарға, әсiресе жастарға ЖЭК қолдану және енгiзу технологияларын қолдануға итермелейдi. “Болашақ Энергия” сайысын өткiзгенде, бiзге бiр айдан кем уақытта 200-ден астам сұранымдардың келуiне таң қалдым және көптеген жобалар патенттелдi. Осының барлығы, бiздiң Президент атап өткендей, жаңармалы энергия саласының дамуына ғана емес, жалпы мемлекет дамуын үлкен ықпалын тигiзедi. Бұл керемет шығармашылық алаң.

3.CCTV.

Бiрiншiден, ЭКСПО көрмесi әлемдегi ең үлкен көрме екенi, екiншiден, бұл қатысушы мемлекеттерге мүмкiндiк беретiн үлкен нарық екенi бәрiмiзге мәлiм. Басқа павильондардың арасында ең үлкенi Қытай павильоны, сiз өзiңiз оны қалай бағалайсыз? Екiншi сұрақ, Астанада өтетiн көрме Қытай және Қазақстан арасындағы қарым — қатынасқа әсер ете ме?

Жауап: Бiрiншiден, Қытай мемлекетi ЭКСПО-2017 көрмесiне қатысуға үлкен жауапкершiлiкпен қарауын атап өтейiн. Расында да, ҚХР павильоны көрмедегi ең үлкен павильон. Ең алдымен, Қытай елiнiң көрме дайындығына үлкен жауапкершiлiкпен қарағанын атап өткiм келедi. Қытай павильонды орнату жұмыстарына кiрiскен алғашқылардың және алғаш бiтiрушiлердiң бiрi. Мен бiрнеше рет өзiм де Қытай павиьлонын көрген болатынмын, оның ауқымы расында да кең. Қытай әлем бойынша халық санынан бiрiншi орында тұр, ол айтпаса да белгiлi. Ауқымды экономика, ауқымды мөлшерде энергия ресурстарын өндiрiп, қолданады және оны импорттау көлемi де үлкен. Қазақстан Қытайға мұнай мен газды экспорттайды, сондықтан Қытайда қазiрде жаңармалы энергия көздерiн өндiру қарқынмен жүргiзiлiп отыр. 2,5 трлн. юань ЖЭК жоғары қаржы салу ғой. Жаңармалы энергия өндiруде Қытай әлем бойынша бiрiншi орынды алады. Сондықтан, көрмеде Қытайдың өз жетiстiктерiн көрсетуге ынтасы маған түсiнiктi. Атап өткенiмдей, Қытай тек көлемi және дайындықтан ғана емес, сонымен қатар мазмұны бойынша да ең үлкен павильон. Бiзде сонымен қатар ШЫҰ Саммитiде өтедi, мемлекет басшылары көрме кешенiне келедi. Бiз қарқынмен дайындалудамыз. Көрменiң салтанатты ашылуына да келедi. Бұл павильон басшаларына, Комиссарына жауаптылық жүктейдi, себебi мемлекет басшылары нысандарды аралап, көредi. Менiң ойымша, Қытай павильон тақырыбы өте орынды. Оның табысты болуына күмәнiм жоқ.

4.Zakon.kz

ЭКСПО жұмысына кiрiскелi, сiз бас менеджерлер санын екi есе қысқарттыңыз. Бұл ЭКСПО-2017 дайындығы мен сапасына әсерiн тигiздi ме?

Ұлттық компания құрылыммен танысқалы, оны оңтайландыруды, осылайша ол тек қана оңтайлы ғана емес, сонымен қатар айтарлықтай жұмысқа қабiлеттi етудi жөн көрдiм. Мәселен, департаменттер бұл негiзгi жұмысты орындайтын «жұмыс алаңы». Онда тоғыз басқарушы директорлар болды. Басқарушы директорлар санын үш адамға дейiн азайтып, тiптi бiр департаменттiң екi директоры болғаны да орын алды. Яғни, бiз құрылымды кей жерлерiн қысқарта отырып, жеңiлдеттiк, осылайша шешiм қабылдау жеделдiгiн арттырдық. Департамент директоры шешiм қабылап, сол шешiмдердiң орындалуына жауапты. Бiздiң негiзгi мiндетiмiз қажетi жоқ саланы қысқарту болды, нәтижесiнде бiз ақшаны үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар құрылымды қайта қарастырып, әрбiр жұмысшылардың мiндетiн қарастырып, бiрақ бастысы нәтижелi топ құрастырдық. Құрылымды қыркүйек басында оңтайландырғаннан кейiн, қайта өзгерткенiмiз жоқ. Жақсы топ құралды. Әрине, бiреуi кетiп, бiреу қалды, алайда жұмыстың нәтижесiне қазiр өзiмiзде көз жеткiзе аламыз. Елбасымыздың жанжақты қолдауымен 6 жыл iстелетiн жұмысты 21 ай iшiнде бiтiрдiк. Уақыт болса кетiп жатыр, басқа амалымыз болмады, алайда, құрылыспен қатар, оның сапасын қолданысқа берерде берiк болатындай жоғары деңгейде жасау керек болды. Сонымен қатар, әрбiр нысанға бағалы жабдықтар бар, олар жақсы жұмыс iстеп тұруы шарт болды. Сондықтан мен ұлттық копманияның iшiнде және бiздiң бас мердiгерде, жобалаушыларда, сәулетшiлерде және басқа да қызметтерде тиiмдi қарым- қатынас механизмiн орнаттық деп ойлаймын. Бiз қалалық қызметтермен, Әкiмшiлiкпен жақсы қарым қатынастамыз және олармен күнделiктi бiрлескен iс-шаралар өткiземiз. ЭКСПО — тек құрылыс нысандары ғана емес, бұл сонымен қатар қонақтарды күтуге қаланы дайындау, жұмыс сапасы, қызмет көрсету сапасы мен деңгейi. Осы тұрғыда бiз түсiнiстiк және бiрге жұмыс iстеу қарым- қатынасын орнаттық.

5. Vlast.kz

Екi жыл бұрын көрмеге қатысушы тек 50 мемлекет болды, ал қазiр 115 мемлекет. Арнайы көрме мемлекеттердiң Қазақстан ұсынатын дайын павильонға келуiмен ерекшеленедi. Мемлекеттiң қымбат павильонды алғысы келетiнi, бiрақ оны ұсына алмайтын жағдайлар болды ма? Осындай жағдайда келiссөздер қалай жүргiзiлдi немесе тiптi осындай жағдайлар орын алды ма?

Бiрiншiден, халықаралық павильондар шарды қоршап орналасқан. Барлығы бiр стандартпен тұрғызылды, тек шаршы көлемiнде ғана айырмашылығы бар. Негiзгi сұрақ: мемлекеттiң павильоны қанша шаршы көлемдi алады. Бiзде 4 блок бар: С1, С2, С3, С4. Оның қай бөлiгiнде орналасу сұрағы туындамайды, себебi барлығы негiзгi нысан Нұр Әлемнен бiрдей қашықтықта орналасқан. Осы тұрғыда, бiз мемлекеттермен жақсы жұмыс атқардық және Халықаралық көрме бюросының үлкен көмегi тидi. Халықаралық мемлекеттермен ұйымдастырушы мемлекет, яғни бiз және мемлекеттердiң арасында туындаған сұрақтарды талқылауға салынған екi жиналыс өткiздiк. Бүгiнде бiз барлық мәселелердi бiр бiтiммен шештiк. Атап айтқанымдай, Қытай, Германия, Франция, Ресей, Жапония, Монако, яғни көптеген елдер жоспармен 1 қарашадан бастап павильондарды алуда. 1 қарашада халықаралық павильондар дайын болды, бiрақ кей мемлекеттер түрлi себептер бойынша құрылыс жұмыстарын кешiрек бастады.

Дегенмен, олардың барлығы көрменiң басталуына дейiн жұмыстарды аяқтайды деп үмiттенемiз. Алайда, алдынғы Миландағы көрмеде ондаған елдер көрменiң ашылуынан кейiн жұмысын аяқтады. Бұл жағдайды болдырмауды қалаймыз. Осы аптада Халықаралық көрмелер бюросының инспекциялық комиссиясы келдi, олар көрменiң осындай дайындық деңгейi бұрын-соңды болмағанын мәлiмдедi, ал ХКБ Бас хатшысы Виссенте Лоссерталлес аталған халықаралық ұйымның басшысы ретiнде 25 жыл атқарған қызметi аралығында көрмемiз ең үздiк болады дедi.

5.Zakon.kz

Осы жоба Қазақстан үшiн қандай нақты перспективаларға жол ашады?

Ең алдымен ЭКСПО-2017 мамандармен бiрге қатардағы азаматтардың әсiресе жастардың сана-сезiмiне серпiн беретiндiгiн айтқым келедi. Жастарымыз инновациялы, бұл жерде шығармашылық бағытта жұмыс iстейтiн және ойлайтын тұлғаларға қызықтар өте көп. Мысалы, үздiк тәжiрибелер аймағы-арнайы Халықаралық комиссия әлемдегi жаңартылатын энергия көздерi саласында ең үздiк жобаларға iрiктеу жүргiзiп, 24 жобаны таңдап алған павильон. Көрмеге бiр рет қатысу осы саладағы жаңалықтарды көруге мүмкiндiк бередi Бұл шет елдiк көрнетi ғалымдардан, соның iшiнде екi нобель сыйлығының лауреаттарынан құралған өте абыройлы комиссия. Ұсыныстардың көп болуына байланысты бiрнеше ай аралығында iрiктеу жете жүргiзiлдi. Сол себептi осы павильонға келу мен танысу пайдалы әрi тиiмдi болады деп ойлаймын. Әрине, атап өткенiмдей экономикадағы өзгерiстер бiрден орын алмайды, бiрақ мысалы 30 жыл бұрын атомдық энергетиканы дамытуды бастаған Франция iлгерi қарай өрбiдi.

Бiзде сонымен қатар Казатомпрос және Росатомның бiрлескен павильоны атомды энергия бейбiтшiлiк мақсатта қолдану бойынша бiрнеше керемет экспозицияларды ұсынады. Яғни, қайталап кетейiн, Президентiмiз бiрнеше рет айтқанындай, мемлекет шикiзат көзiнен шығып, жаңа энергия көзiне көшуi тиiс, сондықтан менiң ойымша, Астанада «Болашақ энергиясы» ЭКСПО 2017 көрмесi осы бағытта ықпалын тигiзедi.

7. Vlast.kz

Дүниежүзiнде ауқымды iс-шаралардан кейiн инфрақұрылымды нысандары тұрып қалу мәселесi бар, мысалы Риодағы Олимпиададан кейiнгi жағдай. Астанада нелiктен бұл жағдай орын алмайды?

Бiрiншiден, үлкен қаржы салу туралы, яғни нелiктен деген сөз туындаған жағдайда, келесiнi атап өткенiм жөн, барлық экспонаттар мен павильондардың, iшiнде бiздiң қазақстандық павильнда бар, мемлекеттер өздерi құрып, қайта жинаған Миландық көрмеден айырмашылық бар. Бұл жерде өздерiңiз көрiп тұрғаныңыздай, күрделi кұрылыс. Көптеген нысандар көрме бiткеннен кейiн де жұмыс атқарады. Мысалы, Шар Болашақ музеиiне айналады, себебi онда соңғы жаңалықтар жиналған және энергия тақырыбы ғарыш, күн, жел энергиясынан бастап, кинетикалық энергиясы да толық ашылған. Яғни, осының барлығы, сонымен қатар үздiк құрылымдар, тақырыптық павильондарда көрменiң дәулетi мен мұрасы ретiнде қалады. Яғни, көптеген нысандар жұмысын жалғастырып, қазақтарға және басқа да қонақтарға қызықты болып қалады.

Бос халықаралық павильондардардың екеунiң iшiнде халықаралық қаржылық орталық орналасады. Сонымен қатар, БҰҰ қамқорлығымен жасыл энергия халықаралық орталығы — ұйымның Бас Ассамблеясы кезiнде президентiмiздiң сөзiнде атап өтiп, оның бастауымен ашылады. IT-стартаптарда ашылады. Жалпы, ауданды қолдануға жиырма ұсыныстар келдi. Ұсыныстар саны бос аудандар санына қарағанда көп. Яғни, көптеген нысандар жұмысын жалғастырып, қазақтарға және басқа да қонақтарға қызықты болып қалады.

Бос халықаралық павильондардардың iшiнде халықаралық қаржылық орталық «Астана» орналасады. Сонымен қатар,БҰҰ қамқорлығымен жасыл энергия халықаралық орталығы — ұйымның Бас Ассамблеясы кезiнде президентiмiздiң сөзiнде атап өтiп, оның бастауымен ашылады. IT-стартаптарда ашылады. Жалпы, ауданды қолдануға жиырма ұсыныстар келдi. Ұсыныстар саны бос аудандар санына қарағанда көп. Барлық нысандарға сұраныс көп. Мысалы, қазiрде танымал JobWorld атты бiлiм орталығын ашу ұсынысы қарастырылуда. Бiз Корея тәжiрибесiне сүйендiк. Корея бұл бағытта үздiк саналады, алайда осындай мектеп жасына дейiнгi балалар және 24 жасқа толмаған жастарға арналған орталықтар көптеген дамушы елдерде ашылуда. Мектеп жысына дейiнгi балалар осы орталықтарға барып, жұмыс, мамандық деген ұғымдармен танысып, кейiн өздерiне дұрыс мамандықтарды таңдай алады. Осы мақсатта көптеген мүмкiндiктер берiледi. Павильондар негiзiнде құрауға болады. Балалар кiшкентай кездерiнен бастап, мәселен өрт сөндiрушi,дәрiгер, құрылысшы, аспазшы мамандықтарымен таныса алады, яғни өздерi көрiп, кейiн таңдай алады. Яғни, жай ата-анасының жақсы төлемақысынан заңшыға беру, ал кейiн оқуды бiтiрген соң мамандықты ұнатпайды деген жағдай болмайды. Бұл жағдай барлығымызға мәлiм. Орталықта балалар қызуғушылығына, қабiлеттiлiгiне қарай жиналады, кейiн санамен мамандығын таңдайды. Бұл мемлекеттiк бiлiм беру орталығы болады. Демеушiлер өте көп. Демеушiлер 20-24 жас аралығындағы жастар арасынан өз жерiне жұмысқа ала алады. Осындай жоспар бар. Бiр сөзбен айтқанда, ұсыныстар саны, бос алаңдарға қарағанда көп. Бұл бiздi қуантады.

8. Zakon.kz

Жағымсыз оқиғалардан кейiн ЭКСПО беделi бiршама түстi. Мысалы, құрылыстағы шұғыл жағдай, нысандардағы видеолар. Беделдi қайта көтеру үшiн не iстелуде және iстелiндi?

Басында, коррупция оқиғасынан кейiн көрме беделi бiршама түскенi аның. Осы жұмысқа кiрiскен кезiмде, әлеуметтiк желiде негатив 80% болды. Қазiр оны бiршама түсiре алдық. Дегенмен, бұл адамдардың санасында қалып қойды — негатив қазiрде бар. Жуырда құрылыс материалдарын әкелген жүргiзушi өзi байқамай құрылыс материалдарды жерге көмуде деп видео түсiрген болатын. Ол оның қандай құрылыс материалы екенiн, неге қолданылатынын да, не жол болатынын да бiлмедi, ал ол материалдардың сол жолда орналасқан ғимаратты жылыту мақсатында қолданылатынын бiлмедi. Оны тауып, барлығын түсiндiрiп, айттық. Ол түсiнiп, кешiрiм сұрады. Бiр жарым жыл бойы осындай жағдайлар өте көп болды. Мен тәуелсiздiкке дейiн де мемлекеттiк қызметте, басқарушы қызметте жұмыс атқардым. Көптеген жағдайларды көрiп, бiлдiм, сынды да көп көрдiм, алайда бiр жарым жыл iшiнде алған сынды бұрын-соңды басымнан кешiрiп көрмедiм. Барлығына байсалды қараймын. Оның жағымдысы, әрине аз, тiптi кейде жоқ. Дұрыс сында, дұрыс шешiм қабылдай алу керек. Сондықтан бiз жағдайды шеше алдық, мәселен қазiргi кезеңдi атап өтсек, құрылыс мәселесi бiтуде. Өзiмiз ойламай, бұл жоба антидағдарысты болды, себебi 408 бiрлестiктер тапсырыс алды. Олар 2 ауданның бюджетiне 414 млрд. Теңгеге жұмыс атқарды.55 мың жаңа жұмыс орындар берiлдi. Мұндай жағдай бiрде-бiр қазiрде жүзеге асушы бағдарлама осыншама орында ұсынбаған. Бұл тек жұмыс орындар. Сондықтан, дәл осы дағдарыс кезiнде бұл өте орынды болды. Сонымен қатар, бұл PR-дың басынан бастап дамуын жүзеге асыруда жұмыстар атқарылды. Бiз оны қазiрде санаудамыз. ЭКСПО арқасында шет елдерде бiз Қазақстанды насихаттаудамыз, себебi ол үшiн бiрнеше iс-шара жүргiздiк. Бұрын-соңды болмаған жағдай. Қазiрде, санаудамыз, ЭКСПО-керуенi және роуд-шоу. Жалпы, әлем бойынша 1 млрд. Адамдарға ЭКСПО жайлы ақпарат бердiк. Мемлекет iшiнде де осындай iс-шаралар жүрдi. Күнделiктi ұлттық арналар ЭКСПО жайлы ақпарат бердi.Сондықтан, осының барлықы оң нәтижелер бергенi анық. Атап кеткенiмдей, негативтi бiз бiршама қысқарта алдық.

9. Россия 24.

Терiс жарнама да — жарнама. Бiз мамандығымыздың аясында, ЭКСПО-ға деген қызығушылықтың арта түскенiн сеземiз, себебi мемлекеттердiң астанасында орналасқан үйлестiрушiлер, бiздiң орталық кеңселер бiздi ЭКСПО жұмысына бағыттайды және бiз өзiмiзге мiндеттi түрде қатысатын iс-шаралар кестесiн сақтап аламыз. Осы тұрғыда мен осында келiп, тамашалай алатын туристер қызығам. Қазiрде көрiп жүрген әуежай және жаңа вокзал, көлiк жолдары. Мен сiз атап кеткен антидағдарысты жобаларға осыларды жатқыздым. Сiздiң ойыңызша осы iс-шараға туристiк қызуғышылық қандай болады? Ресей және Қытай секiлдi көршi елдерден қанша туристер көрмеге келедi? Қанша көршi мемлекеттердi күтесiздер?

Бес миллион адамды, оның iшiнде 15%-ы шетел қонақтары. Негiзiнде, көбiне Ресей және Қытай өкiлдерi. Бiз үлкен жұмыс атқардық, әсiресе көршi мемлекеттерде. Атап айтқандай, Ресейде, барлық шекарамен шектес аудандармен губернаторлармен онға жуық аудандармен меморандумға отырдық. Сонымен қатар, Санкт-Петербург, Мәскеу және басқа қалаларда роуд-шоу iс-шарасы жүргiзiлдi. Сондықтан, бiз көршi мемлекеттерден көп туристердi күтудемiз. Алайда, атап кетсем, бүгiнде бiз бiр миллионнан астам билеттердi саттық. Бұл өте жақсы көрсеткiш және сатып алушылар әлем бойынша 44 мемлекеттердiң өкiлдерi.

10. Хабар 24.

Туристер тақырыбын жалғастыра кетсек, Ахметжан Смағұлов, ал сiз өзiңiз басқарушы емес, турист ретiнде қай нысандарды көрер едiңiз. Сiздiң 5-Үздiк «MUST HAVE» мiндеттi түрде барамын деген нысандарыңыз.

Күнi кеше елiмiздiң мемлекеттiк органдарының басшыларының бiрi келген едi. Бiз қауiпсiздiк мәселесiн қарап, көрiп жүргенде, ол маған сiз барлық нысандар сiз арқылы өткен шығар деп едi. Ия, расында да солай. Олардың барлығы маған қызықты, себебi осының барлығын басынан құру керек болды. Сiздiң сұрағыңызға жауап ретiнде, мен бiрiншi деп, әрине Нұр Әлемдi көрушi едiм. Бiрiншiден, ол архитектурасы мен инженерлiк көзқарастан керемет нысан. 13 мың тоннадан астам, 2824 әйнектен құрылды. Әрбiр әйнек 600 ден 800 кг. Бұл әйнектердiң ерекшелiгi олардый екi тұрғыдан иiлуiнде, осылайша олар еш бұрышсыз сфера үлгiсiнде құрастырылды.Олар үрленген шар секiлдi өте тегiс. Бұл әйнектердiң салмағы 1600 килограмм. National Geographic арнасы келiп, нысанға қызықты. Яғни, бұл нысан — әлемде мүлде жоқ нысан, диаметрi 80 метрдi, шар астында 20 метрлiк павильон орналасқан. Жалпы биiктiгi — 100 метр. Бiрақ, бұл әрине арихитектура, инженерлiк көзқарастан. Ал, iшкi құрылысы мен мазмұнымен Швейцария, Италия, Германия әлемдiк фирмалар айналысады.

Мен Бельгияда 3 жыл елшi қызметiн атқардым. Олар көрмеге «Атомиум» атты нысанды құрастырған. Содан берi, 50 жыл өттi, бiрақ құрылыс дәл сол бастапқы қалпын сақтаған. Өте қызықты нысан, алайда соңғы 50 жыл iшiнде оның iшi өзгертiлмей қалды. Жай сол қалпын сақтайды, бiрақ баратын туристер өте көп. Сондықтан, бiрiншi нысан — бұл әрине Нұр Әлем. Сонымен қатар, бұл үздiк тәжiрибе зонасы. Бұл жайлы атап өткен болатынмын, ол дегенiмiз, әлемде не бар, сол. Бұл тематикалық павильон энергия пайда болғаннан бастап, оның қазiргi түрлерiне дейiнгi кездi ашады, яғни көрме тақырыбын ашады. Бұл Арт орталығы. Оны француздар дауындауда, олар қойылымды 18 жылдары жоспарлаған, бiрiншi рет ол бiзде көрсетiледi. Бұл Дю Солей Циркi. Күнi кеше дайындығында болдым, олар арнайы қойылымды дайындауда, әртiстердiң барқ iс-қимылы энергияның пайда болуын сипаттайды. Бiздiң 5 ұлттық компаниялар мен шетел үздiк компаниялардың бiрлескен павильондары өздерiнiң дайындағандарын көрсетедi. Халықаралық павильондар: әркелкi, бiр-бiрiнен ерекшеленедi, кейбiрi бiр-бiрiне ұқсайды, дегенмен, әрқайсысы өздiгiнше қызықты. Сондықдан, барлықтарыңызды шақырамын, түрлi нысандар бар. Тiптi, энергия холлының архитектурасының кереметтiлiгiн, ашылу салтанаты өтетiн архитектурасы да, басқа жағынан да көпфункционалды конгресс-холл — ерекше құрылыстарды атамағанда да. Турист ретiнде атап кеткен, аталмай қалған нысандардың барлығына барушы едiм.

Сiзбен ендi тек ашылу салтанатында көрiсуiмiз мүмкiн, сондықтан осындағы әрiптестерiмнiң атынан сiзге жақсылық тiлеймiн, барлығы ойыңыздағыдай болуына, сiздiң, әрiптестерiңiздiң еңбегiңiздiң жемiсiн көруге, мемлекетiмiздiң жетiстiкке қолын жеткiзуiне тiлектеспiн, осы кездесуге үлкен рақмет,

-Тiлектерiңiзге рақмет! Сау болыңыздар.

27 мамыр 2017 жыл, Астана қ.

 

 

Мақаланы құрған күні 31.05.2017
Қаралым саны: 1380

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Әдеп жөнiндегi уәкiлi:
8 (7162) 29-73-54

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Электрондық жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-51

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-23, 29-72-25, 29-72-54

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы