Ақмола облысындағы кадрлық тағайындаулар

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин аппарат кеңесiнде активтi бiрқатар кадрлық өзгерiстермен таныстырды.

Шөкеева Гүлжанар Болатқызы iшкi саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Гүлжанар Шөкеева, 1967 жылы туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетiн және Қазақстан-Ресей университетiн бiтiрген. Саясаттану бакалавры.

1990-2004 жылдары бiлiм беру саласында iстедi. 2004-2006 жылдары Алматы қаласы iшкi саясат департаментiнiң бас маманы, кейiн бастығы болып iстедi.

2006-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Қазақстан халқы Ассамблясының Хатшылығында әртүрлi лауазымдар атқарды. 2010-2015 жылдары Ақмола облысының iшкi саясат басқармасын басқарды.

Осы тағайындауға дейiн кәсiпкерлiк қызметпен айналысты.

Сағынбаев Азамат Қуандықұлы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Азамат Сағынбаев, 1980 жылы Целиноград қаласында туған. С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттiк аграрлық университетiн мал шаруашылығының менеджерi мамандығы бойынша бiтiрген. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттiк аграрлық университетiнiң мал шаруашылығы технологиясы және өнiмдерiн стандарттау кафедрасының зерттеушi-стажерi болып бастаған.

2008-2010 жылдары «Асыл түлiк» АҚ-да әртүрлi лауазымдар атқарған. 2010-2014 жылдары «КазАгроПродукт», «КазАгроМаркетинг», «КазАгроИнновация» АҚ-ларында жауапты лауазымдар атқарған. 2014-2017 жылдары «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығы» ЖШС бас директоры болып iстеген.

Осы тағайындауға дейiн ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi Мал шаруашылығы департаментiнiң директоры болып iстедi.

Сырлыбаев Марат Қадырұлы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң ректоры болып тағайындалды.

Марат Сырлыбаев, 1963 жылы туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiн, Қазақ мемлекеттiк академиясының жанындағы нарық институтын және Қазақ ұлттық аграрлық институтын бiтiрген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1985-2011 жылдары — оқытушылық жұмыста, мемлекеттiк органдар мен жоғары оқу орындарының басшылық қызметтерiнде.

Осы тағайындауға дейiн Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетiнiң қаржылық-шаруашылық мәселелерi жөнiндегi проректоры болып iстедi.

Смағұлов Серiк Зайкешұлы «Акмолинская правда» облыстық газетiнiң бас редакторы болып тағайындалды.

Серiк Смағұлов, 1959 жылы туған, Көкшетау облысының тумасы. Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетiн бiтiрген.

Он жылдан аса «Степной маяк» облыстық газетiнiң тiлшiсi болып iстедi. 1997-2008 жылдары — «Оқжетпес» газетiнiң директоры, «Курс», «Любимый город» газеттерiнiң бас редакторы лауазымдарын атқарды және Ақмола облысы әкiмiнiң баспасөз қызметiнде iстедi.

2012-2016 жылдары — «Степной маяк» газетiнiң бас редакторы, «Акмолинская правда» облыстық газетi бас редакторының орынбасары.

Осы тағайындауға дейiн «Акмолинская правда» облыстық газетi бас редакторының орынбасары болып iстедi.

Құрылған күні: 21.05.2018
Қаралым саны: 2072

Қаз Рус Eng