Мәлік Мырзалин Польша делегациясымен кездесті

Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Уәкiлеттi Елшiсi Салим Хазбиевичпен және Польша Парламентi (Сейм) депутаттарының тобымен кездестi.

Тараптар сауда және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерiн талқылады. Өңiр басшысы облыс экономикасының барлық саласының өзара тиiмдi ынтымақтастығы үшiн кең спектарын ұсынатындығын атап өттi. «Ақмола облысының және Польша Республикасының тауар айналымы өткен жылдармен салыстырғанда 2017 жылы үш есеге өскен оңтайлы серпiн орын алды. Ауыл шаруашылығындағы, атап айтқанда сүттi мал шаруашылығындағы польша реформасының тәжiрибесi айтарлықтай қызықты. Бiз осы бағытты бiздiң өңiрде дамыту үшiн ынтымақтастыққа дайындыз», — деп атап өттi Мәлiк Мырзалин.

Өз кезегiнде Селим Хазбиевич бiрлескен жобаларды iске асыру мүмкiндiгiн қолдады және облыс әкiмiнiң басшылығымен ақмолалық делегацияны 2018 жылғы 19 маусымда Астана қаласында өткiзiлетiн Польша-Қазақстандық экономикалық форумға шақырды. «Бұл кең ауқымды iс-шара, екi жақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрi арттырудың факторы болып табылады», — деп атап өттi елшi.

Сонымен қатар, кездесуде шетелдегi поляктармен байланыс жөнiндегi Сейм комиссиясының төрағайымы Анна Шмидт-Родзевич Қазақстан Республикасының Прзидентi Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық мәдениетiн, дәстүрi мен тiлiн сақтауда этникалық поляктарға көрсеткен қолдауы үшiн алғысын бiлдiрдi. «Мейiрiмдi қазақ жерi мыңдаған поляктар үшiн құтты қоныс болды. 30-шы жылдары қиын жағдайларына қарамастан қазақ отбасылары бiр үзiм нандарымен бөлiстi. Бүгiнгi таңда, Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық тағаттылықтың нәтижесiнде 130-дан астам ұлттар бiр үлкен отбасы болып өмiр сүруде», — дедi Анна Шмидт-Родзевич.

Құрылған күні: 18.05.2018
Қаралым саны: 1747

Қаз Рус Eng