A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Сағадиев: Ұстаздарды қызметтеріне тән емес жұмыстарға мәжбүрлеу тыйылады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Алдағы уақытта ұстаздар қауымын қызметтерiне тән емес жұмыстарға мәжбүрлеп жегу тыйылады. Бұл туралы бүгiн ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа мәжiлiсiнде ведомство басшысы Ерлан Сағадиев мәлiм еттi, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Маңызды мiндеттiң бiрi ұстаздарды өздерiне тән емес қызметтердi орындауға мәжбiрлеудi тыю. Бұл ауқымды мiндет. Дегенмен бiз ол үшiн күресетiн боламыз. Қазiргi уақытта бiз ол жайында бiлемiз сараптамалар, карточкалар жинайды, жол жүру билеттерiн таратады, тексеру жүргiзедi. Ең бiрiншi кезекте тексеру жүргiзуден бастамақпыз. Мұны шектегiмiз келедi. Тетiгiн әзiрлегеннен кейiн басқа органдармен бiрлесiп бiрқатар бұйрықтар немесе Үкiметтiң қаулысын шығаруды бастаймыз. Ол өзге органдардың бұл мақсаттарға оқытушылар еңбегiн пайдалануына тыйым салады», — дедi Сағадиев. Сонымен қатар министр Ұлттық бiлiм беру мәлiметтер базасы мен «Күнделiк» қазiрдiң өзiнде қағаз есептiлiктi алмастыра алатындығын баса айтты. «Бiрқатар күрделi проблема бар. Бұл — ұстаздардың барлық деңгейдегi тексерушiлерден қорқуы. Бiз мұны жақсы түсiнемiз. Мен ондаған мектептiң директорымен сөйлестiм және олардың барлығы да: «Бiз қағаз журнал жүргiземiз. Өйткенi қорқамыз», -дейдi. Ал мен «Қағаз журнал жүргiзуге тыйым саламын», десем, олар: «Бiз түнде болсын жүргiзiемiз. Өйткенi бұл ақша. Ертең ол үшiн мен басым кетедi, дейдi», — дедi Сағадиев. Осы ретте Бiлiм министрi бұл мәселенiң ҚР Премьер-Министрiмен, Бас прокурормен және Қаржы министрiмен талқыланғанын атап өттi. Алдағы уақытта бiрлескен нұсқаулық хат немесе бұйрық шығарылады. Аталған құжат қаржылық тексерушiлерге қағаз есептiлiктi сұрауына тыйым салатын болады.

Мақаланың шыққан күні: 24.02.2017
Қаралым саны: 226
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23