Нақты мiндеттер межелендi

Нақты мiндеттер межелендiМемлекет басшысының қатысуымен өткiзiлген республика Үкiметiнiң кеңейтiлген отырысында көтерiлген мәселелерге орай, облыстық жұмыс кеңесi болды.

Нақты мiндеттер межелендiОнда облыс әкiмi Сергей Кулагин аймақтағы басқарма басшыларына бiрқатар тапсырмалар берiп, нақты атқарылатын жұмыс жүйесi екшелiп, мiндеттер межелендi Облыс әкiмi iшiнара кейбiр келелi мәселелерге кеңiнен тоқталды. Атап айтқанда, мемлекеттiк бюджеттiң тиiмдi орындалуы және әлеуметтiк мәселелердi шешу үшiн жекеменшiк инвестиция тарту жұмысын жандандыруға назар аударылды.

Кеңес барысында Көкшетау қаласында онкологиялық емхананың құрылысы, жергiлiктi маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу, Макинкадағы құс фабрикасына өндiрiстiк инфрақұрылымдарды тарту жайындағы мәселелер егжей-тегжейлi талқыланды.

Аймақ басшысының орынбасарларына өздерi жетекшiлiк жасайтын салалар бойынша тиiстi тапсырмалар берiлдi.

 

Құрылған күні: 07.02.2017
Қаралым саны: 1734

Қаз Рус Eng