A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
Елбасы Конституцияға өзгеріс енгізетін заңды іске асыру жөніндегі шаралар кешеніне қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат — ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар кешенi туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметi хабарлады. ҚазАқпарат ХАА құжаттың толық мәтiнiн ұсынады.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар кешенi туралы

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Барлық деңгейдегi орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары Парламенттiң, Үкiметтiң және өзге де мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерi мен жауапкершiлiгiнiң көлемiн кеңейту жағдайында мемлекеттiк аппараттың үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету бойынша барлық қажеттi шараларды қабылдасын.

2. Қазақстан Республикасының Парламентiне «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) талаптарына сәйкес Парламенттiң және оның Палаталарының қызметiн қамтамасыз ететiн шараларды қабылдау ұсынылсын.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiктердiң қосымша көлемiмен жұмысқа функционалдық дайындығына талдау мен бағалауды жедел жүргiзсiн және атқарушы органдардың жаңа ұйымдық-құқықтық жағдайларда тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн шараларды қабылдасын. Бұл жұмыстың қорытындылары туралы Қазақстан Республикасының Президентiне баяндасын.

4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына мыналар енгiзiледi деп айқындалсын:

1) «Қазақстан Республикасының Президентi туралы», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы», «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы», «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңдарды Заңға сәйкес келтiрудi көздейтiн Конституциялық заңның жобасы;

2) «Прокуратура туралы» жаңа Қазақстан Республикасы Заңының жобасы.

5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп:

1) осы Жарлықтың 4-тармағында көзделген заңнамалық актiлер жобаларын әзiрлеудi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзудi қамтамасыз етсiн;

2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң қолданыстағы актiлерiн Заңға сәйкес келтiру жөнiндегi шараларды қабылдасын.

6. Қазақстан Республикасының Үкiметi екi ай мерзiмде:

1) өзге де заңнамалық актiлердi Заңға сәйкес келтiрудi қамтамасыз ететiн шаралар қабылдасын;

2) Үкiметтiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың актiлерiне ревизия жүргiзудi және оларды Заңға сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.

7. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Жоғарғы Соты, Орталық сайлау комиссиясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар өздерi қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлердi қайта қарау және Заңға сәйкес келтiру жөнiндегi шараларды қабылдасын.

8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстанның шетелдiк және халықаралық әрiптестерiне конституциялық реформаға сәйкес елдiң мемлекеттiк құрылымында болған өзгерiстердiң мәнi мен мазмұны туралы ақпаратты жеткiзудi қамтамасыз етсiн.

9. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi және Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.

10. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

11. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi    Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 13 наурыз
№ 437

Мақаланы құрған күні 14.03.2017
Қаралым саны: 666

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы