A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қазақстан Президенті Дубай халықаралық қаржы орталығында болды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Нұрсұлтан Назарбаев Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне жұмыс сапары аясында Дубай халықаралық қаржы  орталығы (DIFC) басшылығымен кездестi, деп хабарлайды  ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметiне сiлтеме жасап.  Мемлекет басшысы кездесу барысында DIFC қызметiмен және  орталықтың бұдан әрi қарай даму перспективасымен танысты.  Қазақстан Президентiне Дубай халықаралық қаржы орталығы  құрылған кезеңнен берi оның Дубай қаласының iшкi жалпы  өнiмiне қосқан үлесi 8%-ға жеткенi туралы мәлiмет берiлдi.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысын ұйымдастыру барысында бiздiң елiмiз Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнiң тәжiрибесiн зерттеп, қолданып отырғанын атап өттi. Сондай-ақ, орталықтың жұмысын одан әрi тиiмдi жүргiзу мақсатымен бiрқатар шаралар iске асырылғанын айтты. Қазақстан Президентi Астана орталығы базасында құрылатын Еуразия аймағындағы жетекшi қаржы құрылымы ретiнде Астана халықаралық қаржы орталығын дамыту жөнiндегi өз ойларын ортаға салды. Келiссөз соңында тараптар екiжақты ынтымақтастықтың нәтижелерi мен одан әрi даму перспективаларын талқылады.

Мақаланың шыққан күні: 28.03.2017
Қаралым саны: 244
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23