«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс

17.02.2017ж

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, кабинет 406а, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(7162)29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz) «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Мемлекеттiк-құқықтық жұмысы және жұмылдыру дайындығы бөлiмiнiң басшысы, D–3 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 123257 теңгеден 166564 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Бөлiмдi жалпы басқару. Құқық қорғау органдарымен, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкiмдiктерiмен, мемлекеттiк органдармен облыс аумағында қоғамдық тәртiптi және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiмен қоса құқықтық мәселелер бойынша өзара әрекет етудi қамтамасыз ету, терроризмнiң, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң алдын алуға қатысу. Облыс әкiмiнiң, оның орынбасарларының, облыс әкiмi аппараты басшысының тапсырмасы бойынша қорытындыларды және өзге де құжаттарды дайындау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, ТЖ және әскери iс жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге қатысу. Аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң жұмылдыру жоспарларын келiсу. Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемi бойынша ұсыныстар әзiрлеу және енгiзу. Әскери есепке алуды және азаматтарды әскери қызметке даярлауды, олардың әскери қызметке, әскери жиындарға және жұмылдыру бойынша шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Әскери басқару органдарымен жұмылдыру және аумақтық қорғаныс саласында қызметтi үйлестiру және келiсу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiмi жоғары, құқық саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1.мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында, немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2.осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында, немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3.А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында, немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда, немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде, немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде, немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;

4.мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан, немесе арнайы мемлекеттiк органдардың кiшi офицерлер құрамынан төмен емес, немесе әскери атағында кiшi офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегi, жергiлiктi әскери басқару органдарының, немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5.осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

6.жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7.ғылыми дәрежесiнiң болуы.

2. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бас маманы, D-4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 93275 теңгеден 125755 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Азаматтардың жазбаша өтiнiштерi мен шағымдарын есепке алуды, қарауды, өтiнiш бiлдiрген азаматтардың мәселелерiн шешу жөнiндегi берiлген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету, азаматтардың жазбаша өтiнiштерi бойынша сараптамалық ақпарат дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмыс бойынша аудандар мен қалалар әкiмдерi аппараттарының, облыстық басқармалардың және ведомстволардың қызметкерлерiне әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiмi жоғары, бiлiм беру немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе құқық, немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес, немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1.мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында, немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2.B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында, немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда, немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде, немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде, немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3.мемлекеттiк қызмет өтiлi орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегi құқық қорғау органдарының кiшi басшы құрамынан, немесе арнайы мемлекеттiк органдардың сержанттар құрамынан төмен емес, немесе әскери атағында кiшi сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегi, жергiлiктi әскери басқару органдарының, немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;

4.осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;

5.жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6.ғылыми дәрежесiнiң болуы.

3. Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлiмiнiң бас маманы, D-4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 93275 теңгеден 125755 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Елбасының, ҚР Премьер-Министрiнiң, ҚР Премьер-Министрi орынбасарларының облысқа жасаған жұмыс сапарларының барысында берген тапсырмаларын, облыс әкiмiнiң, аппарат басшысының тапсырмаларын, Елбасының жыл сайынғы жолдаулары жөнiндегi жалпыұлттық жоспарды, барлық деңгейдегi әкiмдердiң халыққа есеп беру кездесулерiнде айтылған ұсыныстар мен ескертулердi орындау жөнiндегi бақылауды, бөлiмнiң құзыреттiлiгiне жататын iшкi бақылауды ұйымдастыру. Бақылауды ұйымдастыруда әдiстемелiк көмек көрсету. Бақылаудың электрондық жүйесiн жетiлдiру. Бөлiмнiң қызметiне қатысты iс-шаралардың, жоғары тұрған органдар құжаттарының, нормативтiк құқықтық актiлердiң сапалы және уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Облыс әкiмiнiң қатысуымен өткiзiлетiн iс-шараларды дайындауды және өткiзудi ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. Облыстағы атқарушы органдардағы атқарушы тәртiптiң ахуалы туралы облыс әкiмдiгi мен аппарат басшылығын хабардар ету. Талдамалы, әдiстемелiк және ақпараттық материалдарды дайындау. Облыс әкiмi өткiзетiн аппараттық кеңестердiң хаттамаларын, бөлiмнiң iсiн жүргiзу. Облыс әкiмiнiң қатысуымен өткiзiлетiн iс-шараларды дайындауды және өткiзудi ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiмi жоғары, бiлiм беру немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе құқық, немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес, немесе қызмет көрсету, немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1.мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында, немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2.B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында, немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда, немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде, немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде, немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3.мемлекеттiк қызмет өтiлi орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегi құқық қорғау органдарының кiшi басшы құрамынан, немесе арнайы мемлекеттiк органдардың сержанттар құрамынан төмен емес, немесе әскери атағында кiшi сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегi, жергiлiктi әскери басқару органдарының, немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;

4.осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;

5.жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6.ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша Ақмола облысы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1.осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2.3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3.бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4.еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6.Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7.құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8.конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiледi.

Құжаттар Ақмола облысы әкiмi аппаратының және уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 7 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Ақмола облысы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Құрылған күні: 17.02.2017
Қаралым саны: 821

Қаз Рус Eng