Бурабайда «Ақмола барысы» қазақ күресінен іріктеу турнирі өтті

Бурабайда «Ақмола барысы» қазақ күресiнен турнир өттi. Ең үздiктi анықтау үшiн, облыстың барлық өңiрлерiнен палуандар жиналды. Кеңқұлашты жарысқа облыстың 17 ауданы мен екi қаласынан 28 палуан қатысты. Барлығы «Ақмола барысы» атығына үмiткерлер — аудандық және қалалық iрiктеу турларының жеңiмпаздары.

Өзiнiң құттықтау сөзiнде өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин ұлттық құндылықтарды сақтап қалу, қазiргi заман қоғамында жаңғыртудың басты талабы болып табылатындығын атап өттi. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «дәстүр мен мәдениет — ұлттың генетикалық коды. Ұлттық спорт түрiнiң ең танымал түрi — қазақ күресiмен бүгiнгi таңда 6 мыңнан астам спортшылар шұғылданады. Қазақ күресiнен ел чемпиондары Бекбол Нұрланұлы, Леонид Станеев, Нұрлан Жамалов және басқалары ұлы қазақ палуандары Балуан Шолақтың және Қажымұқан Мұңайтпасовтың дәстүрiн абыроймен жалғастырып келедi» — дедi облыс әкiмi.

Тартысты өткен жарыстың нәтижесiнде жеңiмпаздар анықтылды. Үшiншi орынға ағалы-iнiлi ағайындар үмiткер болды, алайда олар бiр-бiрiмен күресуден бас тартты. Целиноград ауданынан келген Бекбол Нұрланұлы орынды Ерейментау ауданынан келген Ербол Нұрланұлына бердi. Екiншi орынды Ақкөл ауданынан келген Қайрат Махтин иелендi. Ал iрiктеу турының жеңiмпазы болып Көкшетаудан келген палуан Мереке Турашев танылды. Жеңiмпаз сыйлыққа автомбиль иелендi.

Екi үздiк палуан Қайрат пен Мерекеге Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың сыйлығына республикалық «Қазақстан барысы» турнирiнде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

     

Құрылған күні: 19.05.2018
Қаралым саны: 1854

Қаз Рус Eng