Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Елбасы және Тәуелсіздік» жаңа залы ашылды

Ақмола облысында Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу күнi облыстық тарихи-өлкетану музейiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Елбасы және Тәуелсiздiк» жаңа экспозиция залының салтанатты ашылуы өттi.

Музейде жаңа экспозиция залының ашылуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы Кiтапханасының қолдауымен өткiзiлдi.

Салтанатты ашылу рәсiмiне Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы Кiтапханасы» директорының бiрiншi орынбасары Әмiрхан Мұратбекұлы Рахымжанов, жұртшылық, шығармашылық және ғылыми зияткерлiк, облыстың жастар ұйымдарының өкiлдерi қатысты.

Iс-шара барысында музейге сый ретiнде Қазақстан Республикасының Президентi — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың архив материалдары, жеке архивiнен жеке заттары мен картиналар берiлдi, олар облыстық музейдiң қазiргi заманғы Қазақстан тарихының жаңа экспозиция залының қорын толықтырды.

Залдың тұжырымдамасы Тәуелсiз Қазақстанның қалыптасу тарихын, оның жетiстiктерi мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ел құрылысындағы кеңауқымды тарихи рөлiн, нәтижелi Қазақстанның және жаңа елорданың Ұлы дала кеңiстiгiн көрсетедi.

Музейдiң «Елбасы және Тәуелсiздiк» жаңа залында келушiлер үшiн Елбасының өмiр жолы, тұлғаның қалыптасу тарихын, әлiмдiк қауымдастықпен танылған Ұлт көшбасшысының жұмысшыдан бастап саяси қайраткерге дейiнгi өмiрлiк жолын паш ететiн архив құжаттары кеңiнен ұсынылды (жеке отбасылық архивтен фотосуреттер, жеке заттарының және бағалы сыйлықтардың макеттерi және т.б.). Осы музейлiк экспонаттар тарихи құндылыққа ие және жаңа қазақстандық патриотизм рухында жастарды тәрбиелеуде, ұлттық мәдени кодын және сәйкестiлiгiн сақтауда жаңа құндылықтарды жаңартуға және қалыптастыруға ұмтылуда үлкен рөл атқарады.

Зал экспозициясында Тәуелсiздiгiмiздiң рәмiзi және Елбасы идеясының, Ұлттық рухани жаңғыртудың шынар басы, елдiң ұтымды дамуының драйверi ретiндi Ұлы дала елордасы — Астана қаласына ерекше орын берiлдi. Астана саяси, экономикалық және мәдени мегаполис, Қазақстанның киелi орталығы ретiнде ұсынылды.

«Елбасы және Тәуелсiздiк» залын реконструкциялауды қазақстандық белгiлi дизайнер, музеолог Бекмағамбет Қазанғаповтың басшылығымен Астана қ. «Қазинтерекс» компаниясы жүргiздi.

     

Дата публикации: 06.07.2018
Количество просмотров: 395
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;