AA

Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Целиноград ауданында «Рухани жаңғыру» саябағы ашылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi күнiнде Ақмол ауылында «Рухани жаңғыру» мәдениет және демалу саябағы ашылды. Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты рәсiмге облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин қатысты.

Iс-шараға ерекше көрiнiс бере отырып, «Мерекелiк сәлем» қойылымымен барлық келушiлердi Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы этномәдени орталықтарының жас өкiлдерi қарсы алды. Қонақтардың арасында ақсақалдар-еңбек және соғыс ардагерлерi, ауданның құрметтi тұрғындары бар.

Саябақ аудан орталығының жаңартылған сәулет келбетiмен үйлесiмге келтiрiлген. Мұнда барлық кеңiстiктi шешiмдер қарастырылған, атап айтқанда: суландыру жүйесiмен кең ауқымды жасыл аймақ, демалу орындары, балалар алаңдары, скейт-корт, тайқазан, қобыз, киiз үй, сахна сияқты шағын сәулет нысандары орнатылған, су бүркiгiш бар.

Биiктiгi 18 метрлi жаңа тутұғырда Мемлекеттiк рәмiздер күнiне арналған салтанатты iс-шара өткiзiлдi. № 44813 әскери бөлiмшенiң әскери қызметкерлерi салтанатты әскери киiммен Ту мен Елтаңбаны шығарды. Әнұран шырқалды. ҚР Мемлекеттiк туын көтеру құқығы № 44813 әскери бөлiмшенiң офицерi, мемлекеттiк-құқықтық дайындықтың үздiгi, капитан Серiк Шегiбаевқа берiлдi.

Ауыл тұрғындарын атаулы күнмен құттықтай келе, облыс әкiмi оның маңыздылығын атап өттi. Елбасының: «Патриоттық сезiм туған жерiне деген сүйiспеншiлiгiнен басталады» — деген ұлағатты сөздерiн еске сала отырып, «Бүгiн бiз, барша елiмiзбен бiрге, ең басты мемлекеттiк мерекелердiң бiрi ретiнде — ҚР Мемлекеттiк рәмiздерi күнiн атап өтудемiз. Нағыз патриот үшiн, Ту, Елтаңба мен Әнұран — туған үйдiң бейнесi», — дедi ол.

Мерекелiк iс-шара концерттiк бағдарламамен жалғастырылды. «Бiз, жергiлiктi тұрғындар үшiн, бұл көптен күткен уақиға. Жақсы өзгерiстер, Ақмол ауылының гүлденуi қуантарлық жай. Бүгiн, бiз мектеп жанындағы лагерден балаларымызды ертiп келдiк, қараңыздаршы олар салынған аллеяны қуанышпен қабылдады, онда роликте, самокатта, велосипедте сырғанауға болады. Қарт адамдар үшiн де кездесетiн, сырласатын орындар қарастырылған. Кешке шамдар жанғанда серуендегенге не жетсiн… Ол үшiн қалаға барудың қажетi жоқ», — дедi №5 орта мектептiң мұғалiмi Валентина Мишакова.

      

Дата публикации: 04.06.2018
Количество просмотров: 1407
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;