A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
ҰБТ жаңа форматы бойынша тестілеу мәселесі облыс әкімдігінде талқылады

Бүгін өңір басшысы М. Мырзалиннің төрағалығымен облыс әкімдігінің мәжілісі өтті. Онда ҰБТ жаңа форматы бойынша тестілеу өткізуге дайындық мәселесі пысықталды.

Облыстық білім басқармасының басшысы, Б. Ізбасарованың мәліметінше, биыл облыстағы жалпы білім беру ұйымдарын 4331 түлек бітіріп, оның 3166 ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Ал 214 үміткер «Алтын белгіге» тілек білдіріп отырса, 97 түлек үздік аттестат алуға ниетті.

«Биыл түлектердің тестілеуі Ақмола облысы бойынша, 11 тестілеу бекетінде өткізіледі, оның 8-і облыс аумағында орналасса 3-і Астанада болады. Сондай-ақ осы жылғы ҰБТ-ң ерекшелігі барлық түлекке түсіндірілген, бұл тұрғыда түрлі семинарлар, ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды»,-деп атап өтті Б. Ізбасарова.

Бұл тұрғыда облыс әкімі, әсіресе шалғай елді-мекендерде тұратын түлектердің ҰБТ тапсыру уақытында қажетті барлық жағдайды жасауды тапсырды. Яғни олардың келіп-кетуі, жататын орны, тамағы, ата-аналардың күту орнында ешқандай олқылық болмай, жоғары ұйымдастырушылықпен өткізуді жүктеді.

Бұдан басқа көрші елдердің ЖОО түсуге ниет танытқан түлектермен, оқу тәмәмдағаннан кейін аймаққа оралып жұмыс жасау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді де міндеттеді.

Еске сала кетейік, биыл түлектер ҰБТ-ң жаңа форматы бойынша емтихан тапсырады. Яғни мектеп емтиханын тапсырады, содан кейін ЖОО оқуға түсуге ниет еткендер ҰБТ өтеді.

Осы күні облыс әкімдігінің мәжілісінде, су қоймаларындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және орман өртін алдын- алу шаралары талқыланды.

Мақаланың шыққан күні: 19.05.2017
Қаралым саны: 219
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-72-98

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23