ҚР Үкіметі Өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы аясында азаматтарға шағын несиелердің қолжетімділігін арттыру жұмыстарын жалғастырады

ҚР еңбек және әлеуметтiк қорғау вице-министрi Бiржан Нұрымбетов Үкiметтiң баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Өнiмдi жұмыспен жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы аясында азаматтарға шағын несиелендiрудiң қолжетiмдiлiгiн арттыру шаралары туралы айтып бердi.

Ол бүгiнгi таңда Өнiмдi жұмыс пен жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы аясында шағын несие алуға тiлек бiлдiрген адамдар саны осы мақсатқа қарастырылған қаражат мөлшерiнен көп екенiн атап өттi.

Сонымен қатар ҚР ЕжХӘҚМ шағын несие алуға ниеттi азаматтарды қамтуды арттыру жұмыстарын жүргiзiп жатыр.

«Бiрiншiден, бiз қаржы институттарымен өнiмдi жұмыспен қамту бағдарламасының қаражаты бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерiн несиелендiрумен айналыспаймыз, ал басты назарды жұмыссыз және өзiн-өзi жұмыспен қамтығандарға аударамыз деп келiстiк, олар үшiн 18 млн емес, 2 немесе 3 млн көлемiндегi шағын несие жеткiлiктi. Бұл Бағдарлама қатысушыларының санын арттыруға мүмкiндiк бередi.

Екiншiден, бiзде 5,5 жыл бойы Бизнестiң жол картасы-2020 бағдарламасы жүзеге асырылды, ол бойынша да шағын несиелер берiп келдiк. 5,5 жыл iшiнде 99 млрд теңге шағын несие түрiнде берiлдi және қазiр ол ақша бiртiндеп қайтарылуда. Бүгiнде Ауыл шаруашылығын қолдау қорының қарыз алушылар мерзiмiнен бұрын қайтарған қаражаты бар, бiрақ оларды жергiлiктi бюджетке қайтару мерзiмi әлi болмады», — деп түсiндiрдi Б. Нұрымбетов.

Ол Өнiмдi жұмыс пен жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасының қатысушыларын Ауыл шаруашылығын қолдау қорымен үш млрд жуық теңгеге несиелендiру бағыты туралы келiсiмге қол жеткiзiлгенiн айтты.

«Бiз Бағдарламаға қажеттi түзетулердi енгiздiк. Сәйкесiнше, бұдан әрi бiз бұл тетiктi пысықтаймыз, бұл бiздiң қатысушыларымызды шағын несиелендiру үшiн қосымша қаражат көзi болады», — деп атап өттi Б. Нұрымбетов.

 

Құрылған күні: 08.08.2017
Қаралым саны: 1909

Қаз Рус Eng