A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қазақстан мен Ресей Президенттері еуразиялық ықпалдастық мәселесін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президентi Владимир Путинмен кездестi, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметi. Қазақстан мен Ресей Президенттерi кездесу барысында екiжақты ынтымақтастық мәселелерiн және күн тәртiбiндегi басты халықаралық тақырыптарды талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасының ерекшелiгiне тоқталып, екi ел арасындағы сенiм мен түсiнiстiк деңгейi жоғары екенiн атап өттi. «Биыл арамызда дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады. Тығыз ынтымақтастық арқасында бiз Еуразиялық экономикалық одақты құрдық. Бұл оның барлық қатысушылары үшiн маңызды әрi перспективалы құрылым деп санаймын. Бүгiнде Ресейдiң 7 мыңнан астам кәсiпорны Қазақстанда өкiлдiктерiн ашып, жаңадан қайта өңдеу өнеркәсiбiн құруға ықпал етуде. Сiздiң былтыр күзде Қазақстанға жасаған сапарыңыз бен Еуразиялық экономикалық одақ аясында Санкт-Петербургтегi кездесуiмiз құны 3 миллиард АҚШ долларын құрайтын 41 келiсiмшартқа қол қоюға мүмкiндiк бердi, — дедi Қазақстан Президентi. Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртiбiндегi халықаралық мәселелерге қатысты Қазақстан мен Ресейдiң ұстанымы бiрдей екенiн және БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесi аясында ортақ мiндеттердi iске асыру үшiн екi ел де бар күш-жiгерiн жұмсайтынын айтты. «Ресей халықаралық өзектi мәселелердi шешу, соның iшiнде Сирия қақтығысын реттеу жөнiнде шаралар қабылдауда. Астанада бiрнеше келiссөз өткiзу туралы ұсыныс бiлдiрген де Ресей болатын. Үдерiс басталып кеттi. Жалпы осы және басқа да мәселелердi шешу үшiн жыл бойына бiрқатар кездесу өткiзу қажет, соның бiрi 8 маусымда Астанада өтетiн Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы басқосу болмақ. Қазiргi барлық мәселелер достық негiзiнде шешiлуде. Бiрлескен кәсiпорындар құрып, алға қарай iлгерiлейтiн боламыз», — деп түйiндедi Мемлекет басшысы. В.Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы қақтығысты реттеу жөнiндегi келiссөздердi Астанада ұйымдастырғаны үшiн алғыс бiлдiрдi. «Бұл үдерiсте Қазақстан тарапының жай ұйымдастырушы ретiнде ғана қатысып қоймай, жалпы жағымды рөл атқарғанын бiлемiн. Сiз кездесу ұйымдастыруға тiкелей атсалысып, қатысушылармен және делегаттармен жұмыс жүргiздiңiз. Сiздiң арқаңызда ешқашан болмаған нәтижеге қол жеткiздiк. Әсiресе, атыстың тоқтатылуына бақылау жасау тетiгi табылды, бұл — ең басты мәселе. Ендi бұл Женевада жалғасатын келiссөздерге негiз болады», — дедi Ресей Президентi. В.Путин Қазақстанның Ресейдiң басты экономикалық серiктесiнiң бiрi ретiндегi маңыздылығын атап өтiп, интеграциялық үдерiстер барысында жасалған жағдай арқылы нақты көлемдi ұлғайтуға қол жеткiзiп, ынтымақтастықты ұдайы арттырып отыру қажеттiгiн айтты. Ресей Президентi өз елiнiң жаһандық мәселелердi шешуде Қазақстанның БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты емес мүшесi ретiндегi қолдауынан үмiттi екенiн жеткiздi. Кездесу соңында тараптар Еуразиялық интеграция аспектiлерiн және экономика саласындағы өзара iс-қимыл перспективаларын талқылады.

Мақаланың шыққан күні: 27.02.2017
Қаралым саны: 188
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23