Білім министрлігінің бұйрығымен оқушылардың үй тапсырмасы қысқартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат — ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бұйрығымен Республиканың мектептерiнде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөнiндегi әдiстемелiк нұсқаулықтар бекiтiлдi, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметi. 2017 жылғы 24 сәуiрде ҚР Бiлiм және ғылым министрi Е.К. Сағадиев № 182 бұйрығымен республиканың мектептерiнде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөнiндегi әдiстемелiк нұсқаулықтарды бекiттi. Бұл ұсыныстардың негiзiн "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ өткен жылғы сәуiрден желтоқсанға дейiн iске асырылған жобасының нәтижелерi құрады. ҚР БҒМ Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментiнiң директоры Ж.А.Жонтаева, басқарма басшысы Т.Ж.Жакенова, бас сарапшылар А.А.Кемалова және Б.А.Қабатовалардың жетекшiлiгiмен жарты жыл бойы ұсыныстар ведомстволық бағынысты ұйымдармен, өңiрлердiң мектептерiмен жан-жақты талқылаудан және ресми веб-сайттар арқылы дауыс беруден өттi. Қазақстандық мектептердiң тарихында алғаш рет бейiндi ведомстволық деңгейде елiмiздiң оқушыларының үй тапсырмасын мөлшерлеу әдiстемесiн қамтитын құжат қабылданды. Бiз Әдiстемелiк нұсқаулар оқушылардың оқу жүктемесiн төмендететiн, олардың өздiк жұмысқа ынтасын және жалпы алғанда үлгерiм сапасын арттыратын әрекеттi құрал болады деп үмiттенемiз.

Құрылған күні: 04.05.2017
Қаралым саны: 2586

Қаз Рус Eng