A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Ресейлік инвестор Ақмола облысында астық терминалдарын салуға ниет білдірді

Ақмола облысының әкiмi Мəлiк Мырзалин ауыл шаруашылығы техникаларын сатумен айналысатын ресейлiк «Скай» компаниясының басшыларымен кездестi.

Кездесуде аймақ басшысы аграрлы өңiрдiң елiмiздегi астықтың төрттен бiрiн өндiретiнiн атап өттi. Облыс жыл сайын əлемдiк нарықта жоғары бағаланатын астықтың 2 миллион тоннасын алыс-жақын 32 мемлекетке экспорттайды.

«Жақында өңiрге жұмыс сапарымен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өңiрдiң ауыл шаруашылығы — секторын одан әрi дамытуға қатысты бiрқатар мiндеттер жүктеген болатын. Осы орайда, астаналық облыстың əлеуетi зор, салаға инвестиция тартып, əрiптестiк орнатуға дайын», дедi Мырзалин.

Өз кезегiнде ресейлiк компания «Скай» ААҚ басшысы Михаил Васинкевич астық экспорттау бойынша Иран жəне Жерорта теңiзi аумағындағы 15 мемлекетпен əрiптестiкте жұмыс iстейтiндiктерiн атап өттi. Оған қоса дəндi дақылдарды өсiру, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерден 500 мың тоннадан 1 миллион тоннаға дейiн астық сатып алып, терең өңдейтiн терминал салу үшiн инвестиция құюға əзiр екенiн жеткiздi.

«Бiзге ең бастысы астықтың сапалы, экологиялық жағынан таза болғаны дұрыс. Сiздердiң облыстарыңызда өсiрiлетiн астықтың сапасы өте жақсы», — дедi М.Васинкевич.

Кездесу соңында тараптар ет жəне сүт өнiмдерiн өңдеу бойынша жобаны жүзеге асыру мəселесiн талқылады.

Мақаланың шыққан күні: 16.03.2017
Қаралым саны: 632
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23