A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Елорданың iргесiнде ашылған зауыт өнiмiне сұраныс артуда

Елорданың iргесiнде ашылған зауыт өнiмiне сұраныс артудаАқмола облысының Целиноград ауданында 5000 ешкiге арналған сүттi тауарлы ферма биылғы жылы алғашқы өнiмiн саудаға шығармақ. Бұл туралы бүгiн облыс әкiмi Сергей Кулагиннiң аталған өңiрге жұмыс сапары барысында айтылды.

Елорданың iргесiнде ашылған зауыт өнiмiне сұраныс артудаҚажымұқан ауылында қолға алынған ешкi сүтiн өндiретiн кәсiпорын өткен жылы iске қосылған болатын. Тың жобаны «Зеренда» асыл тұқымды шаруашылық» ЖШС-нiң директоры Хамит Фаезов пен құрылтайшысы Ермек Лұқпанов жүзеге асырып отыр. Ақмола облысындағы ешкi фермасы биыл алғашқы өнiмiн саудаға шығармақ Хамит Фаезовтың айтуынша, барлығы осыдан үш-төрт жыл бұрын басталған болатын. Сол кезде ол өзiнiң әрiптесi Ермек Лұқпановпен ақылдаса келе, Астананың iргесiнде ешкi сүтiн өндiрудi қолға алуды шешедi. Алдарына нақты мiндет қойған олар алдымен аталған өндiрiстiң пайдасы мен зияны жөнiнде зерттеп бiледi.

Елорданың iргесiнде ашылған зауыт өнiмiне сұраныс артудаТiптi осы мақсатта Еуропаға Израильге барып, сол жақтағы шаруалардың тәжiрибесiн де көзбен көрген. Ақмола облысындағы ешкi фермасы биыл алғашқы өнiмiн саудаға шығармақ «Қазiргi кезде, iс iлгерi жылжып, негiзгi сүт цехы, 72 ешкiге арналған сауын алаңы және жылдық қуаты 4 мың тонна сүт зауыты салынған. 344 бас ешкiмiз бар. Алдағы уақытта кəсiпорын толық қуатына шыққан кезде төл басын 5000-ға дейiн жеткiзу жоспарланған. Бұл асыл тұқымды ешкiлерден жылына 800 және 1200 литрге дейiн сүт алуға болады. Одан сүт, iрiмшiк жəне иогурт тəрiздi 12 түрлi сүт өнiмiн шығаратын боламыз. Алынған өнiмдi осында өңдеп, шетелге экспортқа шығару жоспарда бар. Қазiрдiң өзiнде Италия және Қытай елдерi болашақта бiзден шығарылатын сүтке қызығушылық танытып отыр», — дейдi Хамит Фаезов.

Елорданың iргесiнде ашылған зауыт өнiмiне сұраныс артудаОсы күнi аймақ басшысы Сергей Кулагин «Эко Пак Астана» зауыттың жұмысымен де танысты. Өткен жылдың соңында iске қосылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң бас директоры Сергей Янулистiң айтуынша, кәсiпорын алдағы уақытта тәулiгiне тауық жұмыртқасын салуға арналған 4000 ыдыс шығаратын болады.

Елорданың iргесiнде ашылған зауыт өнiмiне сұраныс артуда«Жобаның құны 480 миллион теңгенi құрайды. Оның 160 миллион теңгесi серiктестiктiң өз қалтасынан салынса, 320 миллион теңгесi екiншi деңгейдегi банктен несиеге алынды. Кәсiпорын Қытайдың қазiргi заманғы әрi энергия үнемдегiш технологиясы бойынша жұмыс iстейтiн қондырғымен жабдықталған.

Елорданың iргесiнде ашылған зауыт өнiмiне сұраныс артудаМұнда шығарылатын өнiмнiң бiр ерекшелiгi ол осы күнi қолданып жүрген ыдыстан көлемiнiң 15 мм кiшiректеу болуында. Қораптың кiшi болуы оның бағасына да әсер етпек. Неғұрлым қорап кiшi болса, солғұрлым арзан әрi еуропакетке де ыңғайлы жайғастырылады. Бұл өз кезегiнде жұмыртқаны тасымалдауға арзан әрi ыңғайлы.

Елорданың iргесiнде ашылған зауыт өнiмiне сұраныс артудаҚазiрдiң өзiнде өнiмге Қарағанды жəне Арқалық қалаларындағы құс фабрикаларынан сұраныс түсуде», дейдi Янулис. Елорданың iргесiнде ашылған зауыт өнiмiне сұраныс артуда Кəсiпорын жұмысына оң бағасын берген аймақ басшысы алдағы уақытта зауыттың толық қуатына шығуына тiлектестiгiн бiлдiрдi.

 

Мақаланың шыққан күні: 06.02.2017
Қаралым саны: 804
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23