A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қазақстанда әлеуметтік салық көлемі төмендетілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстанда әлеуметтiк салық көлемi төмендетiлуi мүмкiн. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiстегi Үкiмет сағатында елiмiздiң Ұлттық экономика министрi Тимур Сүлейменов мәлiм еттi, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдiң айтуынша, 2010 жылдан берi елiмiзде салық жүктемесi бiртiндеп төмендетiлiп келдi және қазiргi уақытта барынша төмен болып отыр. «5 пайыздық зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтiк-медициналық сақтандыру төлемдерi бойынша қабылданған шешiмдерге байланысты жалақы қорына жүктеменiң арта түсетiндiгiмен түбегейлi келiсемiн. Бұл бiздi алаңдатып қана қоймай сонымен бiрге қорды қалай қысқарту керектiгiн ойландырып та отыр. Әзiрленiп жатқан Салық кодексi аясында бiз салық жүктемесiнiң қандай элементтерiн төмендетуге болатындығын ойластыратын боламыз. Әзiрше, зейнетақы жүйесiн, медициналық қамсыздандыруды қоғамдық қайта теңгерiмдеусiз төмендетуге болатын жалғыз элемент  — бұл әлеуметтiк салық болып тұр. Оны төмендетудi ойластыратын шығармыз», — дедi Сүлейменов депутаттардың осы мәселеге қатысты сауалына орай. Айта кетейiк, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексiнiң 355-бабына сәйкес, жеке кәсiпкерлер; жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар, қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа сәйкес, тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын, филиал немесе өкiлдiк арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.

Мақаланың шыққан күні: 27.03.2017
Қаралым саны: 247
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23