Облыс әкімдігінің отырысы өткізілді

Бүгiн, Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен өткен әкiмдiк отырысында туризмнiң ахуалы және болашағы туралы мәселе қаралды.

Туризм басқармасының басшысы Данияр Идиятов хабарлағандай, облыста туристiк-рекреациялық ресурстарының деңгейi бойынша аумақты аудандастыру жүргiзiлдi және стратегиялық бағыттарға айқындалған 4 базалық аймақ белгiлендi. Олар: санаториялы-курорттық аймақ (Щучинск-Бурабай курорттық аймағы), астана маңы демалу аймағы (Аршалы, Ақкөл, Шортанды, Целиноград аудандары), киелi-қорық аймағы (Қорғалжын және Ерейментау аудандары), табиғи аймақ (Зерендi, Сандықтау және Бұланды аудандары).

Өңiрде 30-дан астам iс-шараны қамтитын және қыс маусымы мен маусымаралық кезеңде курорттық аймақты барынша жүктеудi қамтамасыз ететiн «Fourseasons» тұжырымдама жүзеге асырылуда. Бюджеттiң кiрiсiн арттыру және туризмнiң дамуына жағдай мен мүмкiншiлiктер құру есебiнен өңiрге инвестицияларды тарту мақсатында, «Ақмола облысының туристiк саласын дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы» әзiрлендi.

«VisitAqmola» туристiк ақпараттық орталығымен Ақмола облысының туристiк әлеуетiн ел iшiнде және шетелде iлгерiлету жұмысы белсендi жүргiзiлуде.

Осы мәселенi талқылау қорытындысы бойынша Мәлiк Мырзалин аудандар мен қалалардың әкiмдерiне мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, абаттандыру, туристiк объектiлердi қажеттi инфрақұрылыммен, кiреберiс жолдармен жабдықтау, сонымен қатар жол бойы сервисiнiң объектiлерi бойынша жұмысты аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, әкiмдiк отырысында орман және дала өрттерiнiң алдын алу және жоюға дайындық мәселесi талқыланды. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а. Көшекбай Бiржекеев өрт қауiптi кезеңге дайындықтың, өрттердiң алдын алу және онымен күресудiң облыстық iс-шаралар жоспарына сәйкес жүргiзiлiп жатқанын атап өттi.

«Облыстағы мемлекеттiк орман қорының жалпы ауданы 1 057,8 мың га құрайды. Өрт қауiптi маусымға орман шаруашылығы мекемелерiнде ЖЖМ қоры құрылды, барлық өртке қарсы техника толық дайындықта. Аудандық өртке қарсы қызметтермен бiрлесiп, мобильдi топтар құрылды, рейдтiк iс-шаралар өткiзу үшiн жоспар мен кесте бекiтiлдi», — дедi ол.

Өңiр басшысы барлық қажеттi шараларды қолдануды және өрттердiң барынша алдын алуды тапсырды.

Одан кейiн, елдi мекендердiң аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру айлығының қорытындысы бойынша энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Виктор Радченко баяндап бердi.

Ақпаратты тыңдап, Мәлiк Мырзалин аудандар мен қалалардың әкiмдерiне iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, санитарлық нормаларды, құрылыс жүргiзу және абаттандыру нормаларын бұзушыларға қатысты талапты күшейтудi тапсырды.

 

Құрылған күні: 24.05.2018
Қаралым саны: 1828

Қаз Рус Eng