Ақмола облысында инвестициялық парк құрылуы мүмкін

Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин мен Dubai Investments Park басшылығы өңiрде инвестициялық парк құру мәселесiн талқылады. Бұл туралы аймақ басшысының кеңесшiсi Марат Иғалиев Фейсбуктегi парақшасында жариялады.

"Dubai Investments Park аумағы адамдар тұратын, өнеркәсiптiк және қойма нысандары бар, 2 300 гектарды құрайды. Бұл жердiң 95 пайызға жуығы жалға алушылардың иелiгiнде, олар EXPO-2020 халықаралық көрмесi өткiзiлетiн аумаққа көршi орналасқандықтан мол табыс кенелудi жоспарлап отыр. Бұл индустриалды паркте 550 гектар жердi өнеркәсiп және сауда, инфрақұрылымдық саладағы кәсiпорындарды орналастыруға арналған дайын және қолайлы бөлмелер алып жатыр. Дубайда салық төлеудiң жоқтығы бизнестiң дамуына он ықпал етуде. Сол себептi, кәсiпкерлер EXPO-2020 көрмесi кезiнде пайдасы тиетiн кеңсе, қойма және өнеркәсiптiк нысандардың қажеттiгiн осы бастан ойластырып қойған", — деп түсiндiрдi Марат Иғалиев.

Ақмола облысында инвестициялық парк құрылуы мүмкiн Сонымен қатар, аймақ басшысының кеңесшiсi Dubai Investments Park меншiгiнде өнеркәсiптiк және коммерциялық нысандардан басқа тұрғын жай кварталдары бар екенiн атап өттi. Осы саябақ аумағында 12 мыңнан астам тұрғын жайда 90 мың адам тұрады. Әр адам өзiнiң компаниясы үшiн кеңсенi осы маңнан табуына болады. Dubai Investments Park аумағындағы 1,8 миллион шаршы метр кеңес ғимараттарын салу үшiн бөлiнген. Оған қоса, бұл жерде Дубайда өз iсiн ашу немесе кеңейтуге ниеттi бизнесмендер мен инвесторлар үшiн 5 отель орналасқан.

Сілтеме

Құрылған күні: 11.03.2018
Қаралым саны: 3021

Қаз Рус Eng