A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
ЕАЭО-ға мүше елдер экономикалық өсім көрсетіп отыр -Елбасы

БIШКЕК. ҚазАқпарат — Қазақстан Президентi Бiшкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестiң кеңейтiлген отырысында баяндама жасады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тiлшiсi. Нұрсұлтан Назарбаев мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойған сәтке үш жыл толатынын атап өттi. Мемлекет басшысы кемшiлiктер мен қауiпке қарамастан, ұйымның өмiр сүруге құқы бар, ал мүше мемлекеттер экономикалық өсiм көрсетiп келедi. ҚР Президентiнiң айтуынша, бастапқы күрделi кезеңде көп жұмыстар жасалды. Шарттық құқықтық база құрылып, тұрақты кеңу үстiнде. Ұзақмерзiмдi, ортамерзiмдi басымдықтар айқындалды. Практикада тауарлар, қызметтер, капитал, жұмыс күшi еркiн қозғала бастады. Түрлi елдермен, халықаралық ұйымдармен байланыс реттеле түсуде. «ЕАЭО-ның қалыптасу кезеңi барлық елдердiң дағдарыс құбылыстарын еңсеруi тиiс қиын кезеңге дөп келдi. Мұның барлығы соңғы уақыттарда елеулi төмендеп, қауiп тудырған ұйымның көрсеткiштерiнен байқалды. Бұл ақталмады. Дағдарыс мәңгiлiк емес. Төмендеу бар жерде өсу де бар. Өткен жылы бiздiң елдердiң басым бөлiгi экономикалық өсiм көрсеттi. Оның iшiнде Қазақстан да бар. 2017 жылдың басындағы статистика деректерi бiзде ерекше оптимизм оята түсуi қажет», — дедi Н. Назарбаев. Екi ай қорытындысы бойынша ЕАЭО сыртқы сауда көлемi 37%-ға, өзара сауда 38%-ға артты. «Мысалы, Қазақстанның ЕАЭО-мен саудасы 56,5%-ға, Ресеймен — 50%-ға, Беларусьпен  — 50%-ға, Қырғызстанмен — 41%-ға, Армениямен — 3,5 есеге артты. Яғни, кемшiлiк кемшiлiгiмен, ал бiз одан әрi жұмыс iстеуiмiз қажет екенiн көрсетiп жатырмыз», — дедi ҚР Президентi. Ресей Президентi Владимир Путин ЕАЭО-ның жұмыс iстеуiн мүше мемлекеттер үшiн «қауiпсiздiк жастығына» балады. «Белгiлi бiр дәрежеде ол (одақ) сыртқы конъюнктураның ықпалын жойып, ұлттық экономиканы жаңа бағыттарға бейiмделдi», — дедi РФ басшысы. В. Путиннiң айтуынша, көп жағдайда одақ нарығының арқасында Қазақстанда жаңа  — автомобиль жасау саласы дамуда.

 

Мақаланың шыққан күні: 14.04.2017
Қаралым саны: 103
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23