A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Құрметті ақмолалықтар!

Сiздердi көктемнiң ұлық мерекесi — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз — бұл көктемгi жаңарудың, ақ пейiл мен татулықтың мерекесi. Ол — өткендi саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың мақсатты әрi сарабдал саясатының арқасында бүгiнде Қазақстан күллi әлемге бейбiтшiлiксүйгiш әрi болашағы кемел ел ретiнде танымал болуда.

Наурыз мейрамы ұлты мен дiни сенiмiне қарамастан Қазақстанда өмiр сүрiп жатқан барша халық үшiн берiк достықтың, бiрлiктiң нышанына айналды. Елбасымыз да үнемi «бiздiң қоғамның басты байлығы — бiрлiк пен ынтымақ. Осы құндылықтардың арқасында бiз экономикамызды көтердiк, азаматтардың дәулетiн арттырдық, ел болашағын айқындадық», — деп келедi.

Қазақстанның бiрлiгi нығая түссiн! Көктеммен бiрге келетiн Наурыз рухани жаңаруға жетелеп, бейбiт пен келiсiмдi әрi қарай нығайтуға септiгiн тигiзсiн.

Сiздердi ұлық мереке — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Сiздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт, амандық-саулық тiлеймiн!

Бiздiң ортақ Отанымыз — Қазақстан Республикасының гүлденуi жолындағы барлық арман-мақсаттарымыз орындалып, үмiттерiмiз ақталсын және келiп жеткен Наурыз мейрамы әрбiр шаңырақты татулыққа, тыныштыққа бөлесiн.

Iзгi тiлекпен,

Ақмола облысының әкiмi М. Мырзалин

Мақаланың шыққан күні: 18.03.2017
Қаралым саны: 441
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23