AA

Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Құрметті ақмолалықтар!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi күнi мерекесiмен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттiк Ту, Мемлекеттiк Елтаңба, Мемлекеттiк Әнұран — бұл ұлтымыздың ортақ игiлiгi, елiмiздiң тарихы мен мәдениетiне, дәстүрiне деген үлкен құрмет пен шынайы сүйiспеншiлiк. Рәмiздерiмiздiң маңызы мен рөлiн айқындай отырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев былай деген едi: «Мемлекеттiк рәмiздер — бұл бiздiң мемлекетiмiздiң, бiздiң егемендiгiмiздiң берiк негiзiнiң бiрi. Олар Тәуелсiздiктiң қасиеттi бiрiктiрушi образын бiлдiредi».

Мемлекеттiк рәмiздердi қабылдағаннан бергi өткен уақыттағы қазақстандықтардың жеңiстерi мен қол жеткен жетiстiктерiнiң бәрi онымен тығыз байланысты. Бiз өз елiмiздiң жетiстiктерiн зор мақтанышпен атап өтiп, әлемге тәуелсiз Қазақстанның қайталанбас бейнесiн паш етемiз. Бiздiң отандастарымыз халықаралық спорт жарыстары мен олимпиадаларда, әлемдiк интеллектуалдық және шығармашылық жарыстарда елiмiздiң көк байрағын көкке көтерiп, биiк шыңдар мен ғарышты бағындырды.

Мемлекеттiк рәмiздерге деген құрмет — бұл шынайы отансүйгiштiк пен биiк азаматтық ұстанымның көрiнiсi. Бұл рәмiз ғана емес, бұл туған жердiң ашық аспаны мен шуағын төккен күнi, бұл туған үйдiң шаңырағы. Осы бiр мерекелi күнi бәрiңiзге мықты денсаулық, отбастарыңызға береке-бақыт тiлей отырып, ортақ Отанымыз үшiн жемiстi еңбек ете берiңiздер деймiн.

Iзгi ниетпен,
Мәлiк Мырзалин, Ақмола облысының әкiмi

Дата публикации: 04.06.2018
Количество просмотров: 1340
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;