Құрметті ақмолалықтар!

Отан қорғаушылар күнiне орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл күн шын мәнiнде өжеттiк пен ерлiктiң, даңқтың күнi. Бұл күн өз Отанына адал да лайықты қызмет етудi борышым деп санайтын барлық адамдарды бiрiктiре түседi.

Бүгiн бiз Ұлы Отан соғысында ерлiкпен шайқасқан майдангерлердi, интернационалист жауынгерлердi, әскери қызметшiлердi, қиын сәтте Отанын қорғауға дайын барлық адамдарға құрмет көрсетемiз. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбiр қазақстандықтың абыройлы борышы. Аға буынның ерлiк iстерiне негiзделген адамгершiлiк мектебiнiң қағидаттары жас ұрпақты осылайша тәрбиелеуде.

Қазақстан Президентi — Жоғары Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегiнiң арқасында елiмiздiң Қарулы Күштерi әскери дайындықтың жоғары деңгейiне, жеделдiкке және жан-жақты қамтамасыз етiлуiне қол жеткiздi. Қазақстанның жаңа заманғы армиясы кез-келген сыртқы қауiпке қарсы тұра алатын iргесi бекем қорғаныс әрi мемлекетiмiздiң тұрақты дамуының тiрегi.

Жалпы халықтық мереке әлемдегi адами құндылықтарды әспеттей отырып, жоғары патриотизмдi, бiрлiк пен тұтастығымызды көрсетедi.

Сiздердi мерекемен шын көңiлден құттықтай отырып, ашық аспан, мол табыс, Қазақстан Республикасының iргелi де маңызды iстерiн дамытып, гүлдене беруiне үлес қосуларыңызды тiлеймiн.

Құрметпен,
Ақмола облысының әкiмi                                                                                                    Мәлiк Мырзалин

Құрылған күні: 05.05.2018
Қаралым саны: 1924

Қаз Рус Eng