Ақмола облысының Зеренді ауданында Түркі кеңесінің халықаралық жазғы лагері ашылды

Зерендi көлiнiң жағасындағы «Аврора Гарден» демалыс орнында өткен шараға ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам вице-министрi Абзал Нүкенов қатысып құттықтау сөз сөйледi. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай өсiп келе жатқан келешек ұрпақты жастайынан тарихи құндылықтарға тәрбиелеуге зор көңiл бөлiнiп отыр. Осы орайда, бауырлас елдер жастарының арасында тығыз байланыс орнату маңызды. Бүгiнгi ұйымдастырылып отырған Түркi кеңесiнiң халықаралық жазғы лагерi сол үрдiстен шығады деп ойлаймын. Қазiргi кезде, Зерендi жерiнде төрт елден жиналған 100-ге жуық жастар қатысуда. Бұл лагерь бiздiң елiмiзде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Мұнда бауырлас елдердiң жастары бiр-бiрiмен тығыз қарым қатынас орнатып, осындай ауқымды шараны жыл сайын дәстүрлi түрде өткiзiп отырады деп сенемiн», — дедi Абзал Нүкенов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша аталмыш лагерь шiлденiң 10-16 аралығына дейiн өтпек. Оған Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстаннан жиналған жүзге жуық белсендi жастар қатысуда.

Шара жергiлiктi жас өнерпаздардың орындауындағы концерттiк бағдарлама мен «Зерен» демалыс орнындағы «галстуксiз» кездесуге ұласты.

Құрылған күні: 12.07.2017
Қаралым саны: 944

Қаз Рус Eng