Бурабайда жаңартылған Тарих музейінің тұсау кесері өткізілді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде Ақмола облысының Бурабай ауданындағы тарихи-өлкетану музейi реэкспозицияланды. Салтанатты ашылу рәсiмiне өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин, өлкетанушылар, шығармашылық және ғылыми интелегенция өкiлерi қатысты.

Музей 1999 жылы Абылайханның 280 жылдығын мерекелеу аясында оңтайландырылған кiшкене ғана орынжайда ашылған. Экспозицияның негiзiн жергiлiктi өлкетанушы Әмина Тұрсынбаевның бастамасымен курорттық аймақтың мәдениетi, тарихы мен этнографиясы құраған болатын.

Бүгiнгi таңда «Бурабай Даму» Визит-Орталығынан орын алған музейдiң екiншi өмiрi басталды. Ол 3 залдан тұрады, олардың әрқайсысы өңiрдiң ежелгi тарихынан бүгiнгi күнiне дейiн сыр шертедi: тарих залы, этнография залы, Бурабайды зерттеушiлер залы.

«Тарих залында» қазақ қоғамының шаруашылық-мәдени дәстүрлерiнiң негiздерiмен танысуға болады, онда «Көкшетау округiнiң XIX ғасырдағы тарихы», «Өңiрдiң XX ғасырдағы тарихы», «Заманауи Қазақстан» бөлiмдерiнде көрсетiлген. Музей тарих залы экспозициясының тақырыбы тарихи архивтiк құжаттар, музей экспонаттары, бейнематериалдар және т.б. арқылы ашылады.

«Этнография залында» қазақ үй жиһаздарының, этномәдениетiнiң, халықтық және қолданбалы өнер туындыларының түпнұсқалары қойылған. Қазақ қолданбалы өнерiнiң өзгешелiгi қоғамның шаруашылық-мәдени дәстүрiнiң ерекшелiктерiне негiзделген. Экспозицияда қазақтың халықтық кәсiбi мен өнер туындыларының негiзгi түрлерi: кигiз өндiрiсi, ағаш өңдеу, ұсталық, зергерлiк, терi илеу, кiлем тоқу, кесте тiгу көрсетiлген. Көкшетау жерi өңiрдiң Ақана серi, Бiржан сал, Үкiлi Ыбырай сияқты атақты ақындарының шығармашылығымен танылған, олардың шығармашығы этнография залы бөлiмiнде көрсетiлген.

«Бурабайды зерттеушiлер залында» келушiлер мен туристер Бурабай өңiрiнiң тарихы мен табиғатын зерттеуге елеулi үлес қосқан атақты ғалымдардың, академиктер мен зерттеушiлердiң қызметтерiмен таныса алады. Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО Ғылым акадиясының көрнектi қайраткерлерi, 150-ден астам ғалымдар, Ақмола облысына көшiрiлдi. Ғалымдар соғыс уақытында да ғылыммен айналысуды жалғастыра бердi және Бурабай ауданының тарихы мен табиғатын зерттеуге үлкен үлес қосты — олар музейде еңбектерi мен кiтаптары қойылған Владимир Вернадский, Лев Берг, Николай Гамалей және басқалар. Бурабайдың табиғатын зерттеу туралы алғашқы мәлiметтер Орыс географиялық қоғамы Қазақстанның аумағын зерттеуге бiрнеше экспедиция шығарған XVIII ғасырдың екiншi жартысына жатады. Қазiргi кезеңде Бурабай бойынша зерттеулермен Ә.Х.Марғұлан, Қ.И.Сатпаев, А.Қ.Қазбеков, Қ.Қ.Әбуев айналысты.

Музей заманауи ақпараттық технологиялармен жабдықталған, ақпараттық киоскiлер, моноблоктар, теледарлар орнатылған, оларда Бурабайдың тарихы мен этнографиясы туралы тарихи деректi фильмдер көрсетiледi, интерактивтi сабақтар өткiзiледi. Музейдiң холлында Бурабай ауданы суретшiлерiнiң жергiлiктi табиғаттың сұлулылығын сипаттайтын суреттерi орналастырылған.

Көркемдiк-рәсiмдеу жұмыстарын музей экспозицияларының атақты дизайнерi Алмас Жансүгiров орындаған. Осы салада 30 жылдық тәжiрибесi бар жоғары санатты маман Алмас Жансүгiров бүкiл Қазақстан бойынша және шет елдерде де музейлердi рәсiмдеумен айналысқан. Бурабайда оның командасы қысқа мерзiмде дағдылы академиялылықтан жаңа IT-технологияларын қолданылған креативтiк шешiмiмен ерекшелетiн музейдiң реэкспозициясын сәттi iске асырды.

Музейдi аралау қорытындысы бойынша Мәлiк Мырзалин жауапты тұлғаларға «Астана — Щучинск» автожолының бойында Ақмола облысынан шыққан Кенесары ханға, ақын-композиторлар Ақан серiге, Бiржан салға, Үкiлi Ыбырайға, Балуан Шолаққа ескерткiштер орнату бойынша ұсыныстар енгiзудi тапсырды.

     

Құрылған күні: 16.05.2018
Қаралым саны: 359

Қаз Рус Eng