Көкшетаудың көрнекті орындарының бірі қалпына келтірілуде

Көкшетауда облыс орталығының көрiктi орындарының бiрi саналатын Бұқпа шоқысындағы шолу алаңын күрделi жөндеуден өткiзу жұмыстары басталып кеттi.

Кенесары көшесiнен «Көкшетау алаулары» шолу алаңына дейiнгi аралыққа жаңа асфальт төселiп, көлiк тұрағы жасалған. 144 баспалдақ қала тұрғындары мен қонақтарын алаңның ең жоғары жағына алып келедi. Баспалдақты бойлай таяу арада жарық орналастырып, тұтқаларды жаңартады, алаңға отыратын сәкiлер орнатады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлiмiнiң ақпаратына сүйенсек, жөндеу жұмыстары биыл шiлдеде аяқталады.

 

 

 

 

 

 

Құрылған күні: 12.07.2017
Қаралым саны: 1162

Қаз Рус Eng