Көкшетауда ҚР ҰҚК құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті

Бүгiн «Көкшетау» мәдениет сарайында ҚР ҰҚК құрылғанына 25 жыл толуына орай салатанатты шара өттi.

Мерекелiк жиында сөз сөйлеген облыс әкiмi М. Мырзалин: «Мемлекет басшысы — ҚР Қарулы күштерiнiң жоғары қолбасшысы Н. Ә. Назарбаев ұлттық қауiпсiздiк органдары Қазақстанның нағыз тiрегiне айналып, халықаралық қауiпсiздiк жүйесiнiң құрамдас бөлiгi екенiн айтады»,- дедi.

Сондай-ақ аймақ басшысы ҰҚҚ органдарының бүгiнгi күнi елдiң тыныштығын сақтауда, iшкi және сыртқы қауiптерден, ұлттық мүдденi қорғауда басты буын болып отырғанын атап өттi.

Салтанатты шара барысында ҰҚКД бiрқатар қызметкерi мерейтойлық медальдармен, алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Құрылған күні: 13.07.2017
Қаралым саны: 1174

Қаз Рус Eng