Меморандум шеңберінде Тұңғыш Президент Қоры Ақмола облысының әкімдігіне Бурабай ұлттық паркіне арналған бірегей «A day in Burabay» фотоальбомын тапсырды

Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Қанат Ыдырысов Тұңғыш ҚР Президентi қорына бағалы сыйлығы үшiн алғысын бiлдiрдi. «Қазiргi уақытта облыс әкiмдiгi Бурабай курортына жыл бойы келу үшiн «Four Seаsоns» тұжырымдамасын жүзеге асыруда және жылдың әр мезгiлiндегi өлкенiң сұлулығы көрсетiлген осы фотоальбом басқа елдерден туристердi тартуға ғана емес, отандық және шетелдiк инвесторларды тартуға да ықпал етедi», — дедi Қанат Ыдырысов.

Өз кезегiнде ҚР Тұңғыш Президентi Қорының атқарушы директоры Әлия Кайшарова: «Бiз бұл фотоальбомды Бурабайдың бiрегей табиғи ерекшелiгiн әлемге көрсету үшiн шығаруды ұйғардық. Мемлекет басшысы осы өңiрде болған кезде оның сұлулығына әрдайым таң қалады. Бурабай өңiрi Абылай ханмен байланысты ұлы тарихқа ие. Осы өңiрге байланысты көптеген әсем аңыздар да бар. Жаңа фотоальбомның арқасында қазақстандықтардың және шетелдiк туристердiң назарын Қазақстанның iнжу-маржанына аудара аламыз деген сенiмдемiз», — дедi.

Сондай-ақ Астананың 20 жылдығына арналған «A day in Astana» фотоальбомымызбен өз қуанышымызды бөлiскiмiз келедi. Осы фотоальбомның негiзiнде бiз «Астана — Ұлы даланың жауҺары» фотоальбомын дайындадық. Көрме Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Мадридте, Алматы мен Астана қалаларында өттi. Таяу күндерi көрменi Тараз қаласының тұрғындары да көре алады».

Бiздiң фотокөрмемiз Мадридте БҰҰ жанындағы Дүниежүзiлiк Туристiк ұйымның ғимаратында өткен кезде аталған ұйымның қызметкерлерiне фотокартиналардың ұнағаны соншама, олар елордаға мiндеттi түрде келудi жоспарлады. Биылғы жазда олар Испания астанасынан өз мотоциклдарымен шығып 20 күн жолда болып, Астанаға келмек. Болашақта Қазақстанға сапарлары туралы кiтап шығармақ».

ҚР Тұңғыш Президентi — Елбасының қоры және Ақмола облысының әкiмдiгi арасында 2017 жылдың 26 мамырында қол қойылған өзара қарым-қатынас туралы Меморандум аясында бүгiнгi таңда мәдени және әлеуметтiк салаларда белсендi жұмыс атқарылып келедi.

Ақмола облысындағы балалар «Көшбасшы жолы», сондай-ақ алғашқы балалар паралимпиадасы сияқты Қор жобаларына қатысуда. Ардагерлерге қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтiк шаралар жыл сайын Қазақстанның әр түрлi өңiрлерiнде, соның iшiнде Ақмола облысында өткiзiлiп отырады.

Биыл Бурабайда трансшекаралық ынтымақтастық, IT және нано-технологияларды дамыту бойынша ғылыми ортада дәстүрге айналған iс-шара BURABAY FORUM II Халықаралық Жас ғалымдар форумы өтедi. Форумның негiзгi мақсаты отандық және ресейлiк жас ғалымдардың ғылыми-теориялық және практикалық байланыстарын нығайту, трансшекаралық бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық, ғылым, экономика, бизнес серiктестiктi кеңейту және туристiк кластердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн дамыту болып табылады. Былтырғы форумның маңызды нәтижесi шекаралас мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарына экономикалық, саяси және әлеуметтiк мәселелердi шешуге көмектесетiн бiрлескен Қазақстан-Ресей сараптамалық кеңесiнiң құрылуы болды.

Жыл сайын Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң студенттерi ҚР Тұңғыш Президентi қорының атаулы шәкiртақыларының иегерлерi, сонымен қатар, «Болашақтың ғалымдары» студенттердiң ең үздiк ғылыми жұмыстары республикалық байқауының жеңiмпаздары атанады. Көкшетаулық жас ғалымдар Қазақстанда, сондай-ақ шетелдерде өтетiн әртүрлi ғылыми iс-шараларға: тағлымдама, конференция, форум, симпозиумдар және т.б. қатысу гранттарын иеленуде.

   

Құрылған күні: 21.05.2018
Қаралым саны: 1756

Қаз Рус Eng