«Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, кабинет 406а, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(7162)29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz) «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» ММ мемлекеттiк қызметшiлерi арасында «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

Қоғамдық-саяси жұмыс бөлiмiнiң бас маманы (бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты демалыс кезiне), D–4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 93275 теңгеден 125755 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Қадағаланатын басқармалар мен департаменттердiң қызметiн үйлестiрумен байланысты болатын жұмыс кешенiн атқару. Iшкi саясат, жастар, тiл саясаты, архивтер, дiн, мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк мiндеттердi жүзеге асыру. Iшкi саясат саласындағы ахуалды талдау және болжау. Үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiмi жоғары, бiлiм беру немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында;

мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1.мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында не саяси лауазымдарда бiр жылдан кем емес мемлекеттiк қызмет өтiлi;

2.орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдардың кiшi басшы құрамындағы лауазымдарда екi жылдан кем емес мемлекеттiк қызмет өтiлi;

3.жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары ережесi негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркеу үшiн Ақмола облысы әкiмi аппараты персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1) бекiтiлген нысанға сәйкес өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағат бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар iшкi конкурс жариялау туралы Ақмола облысы әкiмдiгi және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның ресми сайттарында соңғы жарияланған күннен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде тапсырылуы керек.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер, әңгiмелесудi 5 жұмыс күн iшiнде әңгiмелесу өткiзу күнi туралы хабарландырылғаннан кейiн Ақмола облысы әкiмi аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Құрылған күні: 13.06.2016
Қаралым саны: 745

Қаз Рус Eng