«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысы әкімінің аппараты» ММ (индексі 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83, кабинет 406, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-2) 29-72-27, 29-72-31, факс: 8(716-2) 29-72-98, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz) «Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңінде), санаты «D-О-1», 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 182 387 теңгеден 246 514 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік мекеме туралы ережемен белгіленген қызметтерді орындау жөнінде басқарманың жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру, өзінің орынбасарлары мен басқарманың бөлім басшыларының арасында міндеттер мен өкілеттіліктерді анықтау, өз құзіреттілігінің аясында мемлекеттік билік органдарымен қарым-қатынас жүргізу, кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында басқарманың жұмысын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық

немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанда дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Ақмола облысы әкімі аппараты персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 2 сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Құжаттар Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Ақмола облысы әкімдігі және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның ресми сайтында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Ақмола облысы әкімі аппаратында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
____________________________________________________________________

________ ______________________________

қолы (Тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

Құрылған күні: 15.09.2017
Қаралым саны: 723

Қаз Рус Eng