A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

Шағын құраммен өткен келiссөздер барысында екiжақты өзара iс-қимылдың негiзгi салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерi талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентiнiң қазақ жерiне басқан қадамына сәттiлiк тiлеп, Мемлекет басшысы ретiнде Ш.Мирзиёевтiң Қазақстанға алғашқы рет келiп отырғанын атап өттi.

– Қазақстан өзiнiң стратегиялық серiктесi, көршiсi әрi бауырласы — Өзбекстанның халқына бақ-береке тiлеп, өсiп-өркендеуiне ниеттестiк бiлдiредi. Бiз келешекте екiжақты байланыстар аясында жемiстi қарым-қатынас орнайды деп сенемiз. Қазiрдiң өзiнде мемлекетаралық әрiптестiктi нығайту бағытында нақты жұмыстар жүргiзiлдi. Атап айтқанда, елдерiмiздiң арасындағы сауда айналымының көлемi өскенi айқын байқалады, шекараларымыз арқылы өткiзу мүмкiндiгi артып, өнiмдердiң жаңа түрлерi жеткiзiлуде, — дедi Қазақстан Президентi.

Мемлекет басшысы Астанада бүгiн Қазақстан мен Өзбекстанның 500-ден астам кәсiпкерiнiң қатысуымен бизнес-форум өтетiнiне назар аударды.

– Форумда жалпы құны 1 миллиардтай АҚШ доллары көлемiндегi 75-ке жуық бiрлескен келiсiмшартқа қол қойылу көзделген. Мұндай форум бiздiң тарихымызда алғаш рет өткiзiледi. Қарым-қатынасымыздың негiзiн Өзбекстанның тұңғыш Президентi Ислам Каримов екеумiз қалаған едiк. Бiз бiр-бiрiмiзге көмектесiп, бауырластыққа негiзделген сол игi дәстүрдi жалғастырамыз деп үмiттенемiн, — дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Ш.Мирзиёев қонақжайлық көрсеткенi үшiн Қазақстан Президентiне алғыс бiлдiрдi.

– Сiз былтыр Самарқандқа жасаған сапарыңыз кезiнде Қазақстан мен Өзбекстан әрдайым бiрге болады деп айтқан едiңiз. Сол сөзiңiз екi елдi жақындастыра түсуге жол ашты, өзбек халқы нағыз достың, бауырластың ықыласын сезiндi, — дедi Өзбекстан Президентi.

Ш.Мирзиёев бүгiнде Қазақстан мен Өзбекстанның қарым-қатынасы халықаралық салада да дамудың жаңа деңгейiне көтерiлгенiн атап өттi.

– Сiздiң беделiңiздiң арқасында Қазақстан Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты емес мүшесi болып сайланды. Барлық бастамаларыңызды Өзбекстанның қолдайтынына сендiремiн. Қазiргi кезде өңiрлiк ынтымақтастыққа зор мән берiлiп отыр. Бүгiнгi кездесуiмiз елдерiмiз арасындағы одан арғы өзара тиiмдi iс-қимылға негiз болады деп үмiттенемiн, — дедi Өзбекстан Президентi.

Екi ел көшбасшылары бұл сапар Қазақстан мен Өзбекстанның кең ауқымды ынтымақтастығына тың серпiн беретiнiне сенiм бiлдiрдi.

Мақаланың шыққан күні: 27.03.2017
Қаралым саны: 192
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23